ЖАРАЛАР


Мен, Елемесов Сәкен Сәрсенұлы. Менім кішкентай кезімнен жара болды. Доктырға бардым дәрі мазь беріп уақытша жазатын. Осы кісінің оқығаннан кейін кетті. Және осы кісінің үлкен құдіретін көрдім. Мұндай адамға қолдау керек. Көп адамдарды жазып жатқанын өз көзіммен көрдім. Құмарбек аға сізге көп-көп рахмет.

 оригинал

Мен, Есенбаев Болат, ел аузынан естіп, Құмарбек емші ағаға келдім. Мен бұл кісіге келіп жазылып шықтым. Менім оң қолымда ісік бар еді. Соны осы кісінің айтқаны айтқандай болып емдеп шығарды. Мен бұл кісіге дән ризамын. Құмарбек ағайға тілейтінім зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін.

 оригинал

Мен, Оспанов Бақыт, Тараз қаласының тұрғынымын. Өзім келіп, Құмарбекке айтып сырқатымды, көрсетіп және ем қабылдау керек екенін айтты. Өзімнің бармаған жерім жоқ еді. Күдер үзген күндерімде болды. Сөйтіп Құмарбектің үлкен құдіретін көрдім, олай дейтінім айтқаны айтқандай болады. Демек үлкен құдіретті емші. Сырқатым екі шатым күндіз де түнде де қышиды, содан әбдеп қор болдым. Шамалы күнде айқандай жазып берді. Өзіне сеніп емдейді, мұндайлар жоқтың қасы. Осы емшіге қамқор болса, одан халықта ұтады, қолдаған адамда ұтады. Демек әлемге атымен шығады. Мен оған кәміл сенемін.

 оригинал

Мен, Бейсенбаев Ерғали Ордабайұлы, Бауыржан Момышұлы районы Күреңбел ауылы маған үстіме аллергия шығып ауырдым. Мен екі апта дәрі ішіп, өзім емделдім, содан болмағанан кейін бірге оқитын жолдасым менің Құмарбек деген жездем бар, жүр соған барайық деді, сонымен екеуміз айтқан күні келдік. Құмарбек аға бізді жылы жүзімен қарсы алды, содан мені емдеуді сол күнен бастады. 2-3 күннен кейін менім жарам ақырын кете бастады, содан 10 күннен кейін мен жазылдым. Мен Құмарбек ағаға үлкен алғысымды айтамын. Жанұясына бақыт тілеймін, еңбегі жемісті боп бала-шағасының қызығын көрсін деп үлкен алғысымды білдірем. Сізге үлкен рахмет.

 оригинал

Мен, Туғанбаев Руслан Амангелдіұлы, Тараз қаласының тұрғынымын. Мамамның жіберуімен Құмарбек ағаға келдім. Себебі, Құмарбек аға менің інімнің де қолын жазып берген. Содан осы ағаның адалдығына көзім жетіп келдім. Расында да екі-үш күннен кейін менің жарамның аузы жиналып, 6 күннен кейін аузы шығып, өзегі шықты. Осыдан Құмарбек ағаға көп рахмет айтамын. Халыққа пайдаңызды тигізе беруге ықыласпын. Өміріңіз ұзақ болсын, деніңіз сау болсын! Сізге мың да бір рахмет!

оригинал


Мен, Төлегенов Мағзул, көзіме және шекеме сыздауық шықты, әбден қиналдым. Содан Құмарбек емшіге келдім. Көзім ісіп, шекем сыздап, әбден бәкерге түскен едім. Құмарбек үш күн ем жасады (қолын сыздауық шыққан жерге қойды). Құмарбекке мыңда бір рахмет, бұндай кісілерді қолдау керек, көтеру керек. Құмарбек бақытты бол, бала-шағаңның қызығын көр, Алла қолдасын.

 оригинал

 

Мен, Бекмолдинов Алмас, Алматы қаласының тұрғыны. Алматыдан Тараз қаласына демалуға келгем. Бұл жараның аты «эгзема» деп аталады. Бұл жара ең ауыр жара деп аталады. Жараның кетпегеніне 2-3 ай болды, содан емдеуге келдім. Бұл жараны Құмарбек ағайға көрсеттім, ол маған 7-10 күнде кетіріп берем деп айтты. Айтқан сөзі рас болды. Рахмет Құмарбек ағай!

 оригинал

 

Мен, Ақмолдинов Берік Әбекетұлы Орал облысынан келдім. Өйткені былтыр жазда денеме жара шығып жазылған болатын. Өйткені бұл биыл тағы шықты. Жара болғанда тілмен айта алмайсыз. Түйін болып шығады. Содан әбден қор болдым. Қызым Мәскеуде оқиды. Сол қызым айтты маған: папа Таразға бару керек деді. Сол жақта бір ағай бар екен. Ол кісі ойланбай істейді екен деді. Өйткені, ол кісіге Армениядан, Троицкидан және Белорусиядан адамдар барыпты. Сонда олар таң қалыпты. Сіз мұнда нағып отырсыз депті. Онан Құмарбек айтыпты отырмай не істеймін, халық өзі баға береді. Содан мен 26 августа жолға шығып, 29 күні келдім. Құмарбек өзінде екен. Жайымды айта бастап едім, маған бір түрлі қарады. Маған ештеңе айтпаңыз деді. Содан мен таң қалдым. Вот құдірет қандай десеңізші. Мен Сізді үш күнде жіберемін деді. Мақұл дедім. Өйткені мен ойларым 20 күндей емдейді деп. Күніне 2 рет емдеп мені үш күнде бітірді. Сонда 2-ші күні түсте жараның аузынан құрт түсті. Содан тот таза болды. Мен мұндай адамға таң қалдым. Отырған жерін онша жақсы емес, қалай елдер сені көрмейді дедім. Құмарбек езу қатты. Өйткені біздің Таразда емшінің атын жамылғандар көп деді. Олар пока орын орына келмей кімнің кім екені болмайды деді. Осындай адамға үлкен сарай емес, қола соғып беру керек деді. Мен үлкен рахметімді айта отырып, Сізге деген мінсіз сыйымды білдіремін. Сізге алғыстан басқа ештеңе жоқ.

 оригинал

Мен, Асқаров Нұрболат, Шымкент облысынан келдім. Өзіммен бірге шешем еріп келді. Бұл жерге келетін себебім мен 13-14 жылдан бері жара шыға беретін еді. Құмарбек көке өте көп көмек берді, жараларымды кетірді. Шыныменде Алла Тағала Құмарбек көкені адамдарға жәрдем беріп, көрмегеннің көзін ашып, адамдардың жан дүниесіндегі ауруды шығарып жіберіп, адамдарға көп көмегін тигізеді. Құмарбек көке көп жасаңыз, денсаулығыңыз мықты болсын.

оригинал


Мен, Уәшев Әбдірайм Сейдазышұлы, Қарабастау ауылы Жуалы ауданының тұрғынымын. Құмарбек Думанұлын көпшілік ел-жұрттан естіп, келдім. Көп жағдайда емшілер десе сенімдікпен қарайтын жан едім. Мені бұл кісінің (азаматтың) емшілерге, яғни біздер кейде түсінбейтін бір-ақ, біз білмейтін бір үлкен күш бар екенін дәлелдейтін емші екенін көрсетті. Олай дейтінім жаз айы шілдеде қолтығына, қазақша айтқанда «сыздауық» бір қолтығымнан, екінші қолтығыма ауысыт отырды 6-7-уі шықты кейінірек (бір) оң қолтығыма үшеуі бірден шықты, сол жарамен келген болатынмын. Ал міне осында емшінің үлкен құдіретін көрдім. Сол күні емдеген жара ертеңіне жазылып, содан соң қайта жараның не екенін ұмыттым. Әрине мұндай інілеріміздің халыққа тигізер көмегі көп, бір-ақ әлде осындай жандар көлеңке қуып жүрген емшілердің қатарында жүргені қынжылтады. Халық мұндай азаматты жете біле білмейді. Сол себепті бұл кісілерге көмек қажет. Ініме зор денсаулық тілек семьясы, жанұясына бақыт тілей отырып алды әрқашан ашық болып ойлағын мақсатына жетуіне өзімнің атымнан және жанұямның атынан алғыс айтамын.

 оригинал

Мен Тараз қаласының тұрғыны Органов Есжан Даргербекұлы, қолыма жара шығып, 1 айдай кетпей қойды, бармаған жерім жоқ, дәрі де салдырдым небір емшілерге де бардым, соның ішінде Құмарбек ағаны бір жолдас бала айтып, осы кісіге келдім. Сізге өтірік маған шын сол жарам үш күн дым болмағандай кетіп қалды. Мен Құмарбек ағаға рахметімді айтамын, өмір жасы ұзақ болсын.

 оригинал

Мен Тараз қаласы 3-ші Молтес ауданыда тұрамын. Аты-жөнім Көштаев Аязбек Баяманович. Мен Құмарбек ағаны телехабарламадан естіп келіп едім. Қолыма қанды іріңді жара шығып 15 күнге дейін температура беріп, дәріге жазылмай асқына берген. Содан Құмарбекке келіп, 1 күнде-ақ өзгеріп, жазылып шықты. Құмарбекке өз басым қатты сенемін. Өте ризашылығымды білдірем.

оригинал

Мен, Қалыбаев Құрманәлі, Тараз қаласы, 9 мөлтек ауылында тұрамын. Менің балам Дарханның үстіне тері ауруы, ішінде «писираз» жарасы шығып, ініміз Құмарбекке алып бардым. Содан біраз уақыт емделіп жасалған емнің арқасында баламыз жазылды. Құмарбек саған зор денсаулыұ, ұзақ өмір, отбасыңа береке, бірлік, еңбегіңе табыс тілейміз. Біздің семья атынан көп рахметімізді айтамыз.

 оригинал

Мен, Сураншиева Гүлжан, Жамбыл қаласы, 7 микроаудан, 15 үй, 50 квартирада тұрамын. Құмарбек аға мені емдеді. Менің үстімдегі бөріткен жазылып кетті және жатырдағы кистаны емдеп берді. Мен Құмарбек ағаға рахметімді айттым.

 оригинал

Мен, Балмаханова Эльмира, Құмарбек ағайдың алдына 2001 ж. телевизордан көріп келгенмін. Маған 10 жылдан асып кетті, осы денемдегі жарама, бармаған жерім, көрмеген больницам жоқ, жылына 2 рет жататынмын больницаға. Барған жерім менен құтылғанша асығатын. Содан Құмарбек ағайға келдім. Мен мұнда ағайдың үлкен құдіретін, яғни өзіне деген аса сенімдігін көрдім. Олай дейтінім айтқаны айтқандай болады. 1 курс 10 күндіктен кетпесе, 2-ші, 3-шісімен әшейін келіп емдеймін деді. Бұл деген адалдықтың, сенімдіктің асқар таудың белгісі. Ағай өзінің сөзін өзі ұстады, ақыры денемдегі ешқашан кетпеген жарам 2 курстан кейін сыпырылып түсті. Содан мен Құмарбек ағайға алдындағы білдірген сенбегендігім үшін кешірім сұрап бас иемін. Пенде болған соң асығамыз, тез-тез болса екен деп, 10 жыл кетіре алмаған жара оңайма. Мен және отбасым шексіз ырзамыз. Үлкен құдіретті емші бола берсін.

 оригинал

 

Мен, Естаев Ахат, Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Кеңес ауылынан Құмарбек ағаның алдына 1.08.2002 жылы «псариоз» жарасы ауруымен келген едім. Менің келген кезге дейін баспаған жер, бармаған аурухана қалмады. Ешқайсысынан пайда болмады. Неше түрлі мазьдар, емдер, қымбат дәрілер, шетелге бардым, Қытайға, басқа дінге кіріп кете жаздадым, жарам үшін бәрінен көмек болмады. Бұл жара маған 5-6 жасымда аяғымда шықты. Содан бүкіл денеме қаптап кетті. Міне содан бері 15 жыл өтіпті. Менің көрген азабым шексіз. Жеңі ұзын кидім, шалбар кидім, шашымды өсіріп жүрдім. Ұялдым, қысылатынмын. Міне, Құмарбек ағамның арқасында берген емі маған шипа болып, бәрінен құлақ таза айрылдым. Менің ағама айтар алғысым көп. Алдағы ісі алға баса берсін, елдің ықыласына, рахатына бөлене берсін. Алғашқы он күндіктен-ақ бәрі жақсы болып, жазылдым. Ағама тілерім өмірдегі бар жақсылықты, зор денсаулық, ұзақ өмір, бала-шағасының қызығын көріп, елдің ықыласына бөлене берсін. Үлкен рахметімді айтамын. Бұдан былай да ағамның алдына келіп, сәлемімді үзбей, ағамды қолдап, емінің шипа, дауа, рас екенін қостаймын. Менің айтарым көп. Ағама шексіз ризамын. Міне, жарамнан айрылып, қуанып не жазарымды білмей, қуанып отырмын. Жұмысыңыз алға баса берсін!

 оригинал

Балам Құмарбек! Мен Ильястың әжесі өзіңе аналық жүрегіммен алғысымды білдіргім келеді. Алла өзі жар болып, деніңізге саулық, қолыңызға дерт бермесін. Ильястың әкелік қамқор көрсетіп, бауырыңызға тартып, балаңыз Мараттай көргеңізге көп рахмет. Екеуін бір-бірінен айырмай ақылыңызды, қамқорлығыңызды аямайды деп сенемін. Ильясым өзіңізге барғалы жеңілдеп, көңіл-күйіде жақсы болып қалды. Бізден қайтпаса жақсылық, Алладан қайтсын. Алла разы болсын, қосағыңызбен бірге қартайып, Маратыңыздың қызығын көруге жазсын. Сізге барлық жақсылықты аналық жүрегіммен тілеймін. Наурыз айы 2008 ж.

оригинал

Мен, Абраимова Нұрипа, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылының тұрғынымын. Осы жылдың қазан айынан бастап үш қызыма да сыздауық шықты. Біраз үйден емдедік, болмаған соң, дәрігерге көрініп уколдар қабылдады, қан ауыстырып салды. Үлкен қызымдікі оданда қайтпай хирургиялық жолмен емделді. Содан қайтқан сияқты болды. Екі апта ауруханада болып, үйге келсем 6-шы сыныпта оқитын кіші қызыма қайтадын шығыпты. Содан уайымдап, енді не істесем болады деп отырғанда теледидардан естіп, Таразға Жұқаев Құмарбек Думанұлына алып келдім. Содан үш күн емдеп жаралары төгіліп түсті. Бес күннен кейін тексеруге алып келіп отырмын. Осы болған оқиғаны біреу айтса сенбес едік. Өз көзімізбен көріп, шексіз аналық ризашылығымды білдіре отырып, Құмарбек Думанұлына ұзақ ғұмыр, деніне саулық, отбасына береке, бала-шағасының қызығын көруіне тілектеспін. Енді үйде ауырып отырған жолдасымды да әкелмекпін. Құмарбек көке! Мен, Мейманбаева Айжан, менің уколдан құтқарып, сыздауықтан емдеп шығарғаныңызға ризамын. Сізге көп-көп рахмет. Мен сияқты ауырған балалар сізге келе берсін! Рахмет!!!

 оригинал

 

Мен, Абдумаминова Несіпкүл Атаматқызы. Мен Құмарбек ініме келген себебім, аяқ жағымда жара болған, сол жара дәріден қайтпай қойған соң Құмарбек інімнен он күн ем алған соң, жарамның беті қайтып, денемде жақсы болды. Менің айтар алғысым халықтың арасында осындай жігіттер көп, халыққа шипа берсе деймін. Соны жоғары жақтағылар ескеріп, бар жағдайларын жасаса деген ойдамыз.

 оригинал

 

Мен, Ақбергенова Гүлбану. Құмарбек аға! Сізге мен шексіз рахметімді білдіремін. Себебі: мен сіздің алдыңызға қандай болып келдім (бір көзім, бір бетім ісіп), қазір Құдайға шүкір, әуелде «Алла тағала», екінші сіз деп айта аламын. Больницадан қашып сіздің алдыңызға келіп, ауруымнан айықтым. Сізге көп-көп рахмет!

 оригинал

Мен, Идиров Бағдат Нұрболатұлы. Менің үстіме жара, аллергия шығып, осы жаралармен құтылған жоқпын. Осы жаралармен больницаға барып едім, олар жаза алмады. Құмарбек ағаны теледидардан көріп қалып, бардым. Ағаның күші мен ол аға ештеңе жаққан жоқ жарама, тамырды ұстап 11 күн қаралып, 2 күнде жарамның беттері түсіп, жазыла бастады. Таң қалғаным Құмарбек ағаның қолы Құдайдың қолы секілді, ешқандай ағзаға зиян келтірмей, керісінше менің бауырымды, қан сұйықтарын бәрін жазып шықты. Құмарбек ағама көп-көп алғысымды айтамын, бұл кісі бір көріп-ақ табылмайды, Құмарбек ағамды Құдай Тағала қолына қуат бергеніне, алғысымды айтамын, рахмет аға. Сізді Құдай қолдап, елдерге, маған берген құдіретіңізге көп-көп рахметімді айтамын!!! 5.04.2010 ж.

оригинал

Мен, Қуандық Абдоллаұлы, Астана қаласынан келдім. Осыдан 2-3 жылдай болды кіндіктен жоғары денемнің ішкі терісі қызып, ашиды да тұрады. Біраз дәрігерлер, көптеген емшілерге көріндім. Еш нәтиже жоқ. Дұрыс диагноз қойғандарда болмады, тек жорамал мүмкін анадан, мүмкін мұнадан деген сияқты. Осы 2-3 жылда көптеген ем дәрілерін қабылдадым. Ешқандай өзгеріс-нәтиже жоқ. Мамыр айының 2-сі күні Рахат телеканалынан Денсаулық бағдарламасын қосып қалсам, Құмарбек Думанұлымен сұхбат жүріп жатыр екен. Бұл хабардың аяқ жағы екен, ешқандай байланыс телефондар қайталанбады. Сонан, ертеңіне, яғни 3 мамыр 2006 жылы Рахат телеканалына телефон шалып, Құмекеңнің координаттарын сұрап алдым. Ізінше Құмекеңе телефон шалдым. Ол кісінің бір ауыз сөзі менің ауырып тұрған жеріме тарс еткендей сезіндім. Сол-ақ екен, Құмекең мен сізге ем жібердім, келіңіз деді. Мамырдың 10 күні 1-ші сеансқа кірдім. Маған ештеңе айтпай-ақ қойыңыз деп, бәрін Құмекең өзі айтып берді. Алланың ерекше жаратқан қасиеті болса керек, көз бен қолдағы. Емнің орта мезгілі: – өзімді жақсы сезінем, текке келмегендігім, Құмекеңе толық сенемін (толық сеніп келген адамға емде қонады), қалталы ағайындар Құмекеңе жан-жақты көмек көрсетіп, жеке жағдай жасаса Нұр үстіне, Нұр болатын еді. Мұндай қасиетті адамға 100 жылда 1-ақ адамға келуі мүмкін. Ойланайық ағайындар!

 оригинал

Бауырым Құмарбек!Мен Семей қаласының тұрғыны, атым Бәкен. 2002 жылдан медицина тілімен айтқанда «подкожный клещ» деген диагноз берді. Бірақ дәрігерден еш ем болмады, ұзаққа созылды. 2009 жылдың 16.02 дейін бір Алланың көмегі болар өзіңмен жолықтырған. Денсаулығыма шипа берген бауырым өзің болдың. Соған көп рахмет!!! 20.02.2009 ж.

 оригинал

Құмарбек емші жайлы теледидардан естіп, өзім және қызым емделуге келдік. Қызым 5 күн, өзім 11 күн ем қабылдадық. Қызымның денесіне сыздауық жиі шығатын. Өзім зоб ауруынан зардап шектім. Қызым екінші күннен соң жазыла бастады. Өзім ұйқым түзеліп, дене әлсіздігі басылып, көңіл-күйім жақсара бастағанын сезіне бастадым. Қолы шипалы, шипа көрген жандардың алғысына бөлене берсін! Ұзақ ғұмыр кешіп, атақ-даңқты шет елдерге дейін жайылуына тілектеспіз! Қазақ елінің даңқын асыруына көп болып көмек қолын берейік! 7.11.2009 ж.

оригинал

Мен, Сәрсенбаев Базарбай ағамды Құмарбек ағаға алып келген едім, денесіне аузы жоқ жара шығып жатып қалған еді. Бас аяғы үш күнде аяғына тұрғызды. Бұл кісіге деген сеніміміз және рахметіміз шексіз. Менің ойым егер жағдайы көтеретін ағалар болса, бұл кісіге ауыру қабылдайтын жақсы бөлме салдырып берсе, халықтың емделуіне жақсы жағдай туғызса жақсы болар еді. Құмарбек аға көп-көп рахмет. Қолыңыз алдыңызға келген әрбір адамға ем шипа болсын.

оригинал

Мен, Елшібекова Гүлмира Қамбарқызы қызым Пернешті Құмарбек жездеме алып келдім. Қызымның көзінен теріскен кетпейтін еді. Осы кісіден ем қабылдағаннан кейін, сіздерге өтірік, маған шын кетті. Ал, жездеке, Құмарбек аға сізге көп рахмет, шексіз алғысымды білдіремін. Елге еміңіз тие берсін. Жасаай беріңіз. Ісіңіз алға баса берсін. Үлкен рахмет.

 оригинал

Мен, Ермекбаев Алмас Болатұлы, Сарысу ауданы, Саудакент селосынан келдім. Үстіме қышитын, бөрітпе бірдеңе шығып, тамағым ісіп, сыздауық шығатын. Содан осы Сүлеймен көшесі №63 үйдегі Жұқаев Құмарбек ағаға келдім, содан 10 сеанс қабылдап, құлан таза айығып кеттім. Ағама рахметімді айта отырып, бұдан ары көтеріліп, халқының қалаулы емшісі болсын деймін.

 оригинал

Мен, Мадалиева Құрманкүл Орынбасарқызы. Қала маңындағы ауылда тұрамын. 2003 жылы мен Құмарбек ағаға балам сырқаттанып алып келдім. Баламның қолына жара шығып бармаған жерім жоқ, еш көмек болмады, содан Құмарбек ағаны естіп келдім. 10 күн ем қабылдадым, содан баламның қолындағы жара жоқ болып кетті. Содан 2004 жылы қызымды әкелдім, қызыма 3 жыл бойы сыздауық шығып кетпей қойды, доклорлардың айтқанының бәрін істедім, еш нәтиже болмады. Содан бір күні қызым Мама сіз Асқарды апарған ағайға барайықшы деп, қызымның өзі айтты, содан мен қызымды Құмарбек ағайға алып келдім, сөйтіп 10 күн ем қабылдадым. Содан қызым жазылып кетті. Мен Құмарбек ағайға еңбегіңіне табыс тілеймін. Әрқашан биікте көрініп, елдің алғысына бөлене берсін демекпін.

 оригинал

Мен, Ильясова Камила, Шиелі ауданында тұрамын. Қалаға келіп баламнан естідім. Осы кісі келгенін. 16.10.2004 ж, Құмарбек інім рахмет, Алла жар болсын, халық үшін Алла жіберген шығар. Иншшала Құдайға шүкір түгел тәуір болғандаймын. Қолымның аллергиясы кетті, геморойым, ішкі құрылысым жөнделді, бүйрек барлығына шипасы болды. Жолыңыз болсын. Алла жар болсын, рахмет.

 оригинал

Мен, Халықова Ақмарал, Алматы қаласының тұрғынымын. Қызым Абдильдина Аделя туылғаннан кейін, қырқынан шыққан соң диатез деген ауру пайда болды. Ол жара бірде шығады, бірде кетеді. Врачтардың айтуымен неше түрлі гармональный дәрілер жаға беріппіз, Өсе келе ол ауру өрлей берді. Кейін врачтар оған аллергия (наследственный) немесе атопический дермотит деп неше түрлі диагноз қойып, қызымды әбден қинады. Әр врач әртүрлі сөйлейді. Қызымның жарасынан, есіктің алдындағы балалар ойнамай да қойды. Оған жүрегім ауырып, қатты қиналып, жылап жүрген кезім болды. Енді міне, Құмарбек ағаға келіп, жыламайтын болды. Бала ауырса анаға ауыр тиеді емес пе? Міне, Құмарбек ағаға келіп қызымның жарасы жазылып, өзімнің жүрегімнің ауырғаны қойды. Ол кісіге 10 күн қаралдық. 3-4 күндері жараның түсі өзгерді. Сөйтіп бірте-бірте өзгерістер пайда болды. Он күннің ішінде әлгі жаралар төгіліп түсті. Жаралардың орны ғана әрең көрінеді. Мен бұл қағаз бетіне тек шындықты ғана жазып отырмын. Құмарбек ағаға үлкен рахметімді айтып, жасы ұзақ болсын демекпін. Алланың нұры жана берсін!

оригинал

Ең бірінші Аллаға сеніп, екінші Құмарбек емшіге сеніп денсаулығыма шипасы дарысын, бойымдағы кәнәраттан айырсын деп сеніп келген Шығыс Қазақстан облысы, Жарыс ауданы, Шалабай аулынан Мұздыбаев Кенжебек Айтжанұлы, 1937 жылы туылған. Менің аяғыма тартылай күнәрекет пайда болды, бұған міне он шақты жыл болды және іш құрылысыма да пайда болды, емделмеген жерім жоқ, ешқандай пайда болмады. Дәрігерден де емшілерден де. 14 наурыздағы «Жас Алаш» газетінде тілшілердің осы Құмарбекпен сұхбатын оқып, содан осы Құмарбекке келіп, өте жақсы қабылдауында болдым. Міне, 10 рет емін қабылдап, қазір тәуір болып қайттым. Өте көп рахмет айтамын. Семьяңызға бақыт тілеймін.

 оригинал

Мен, Күмісжан деген апаң. Құмарбек! Айналайын, балам! Мен алты жыл бойы терінің астындағы бит бар деген диагнозбен бармаған жерім жоқ. Бақсы балгер, кожновенерологический институтта жатып шықтым, уақытша көмек көрсетіп жүрді. Менің 1-ші күннен бастап бетімдегі жараларыма жан кіріп, беті іріңдеп, барлық бетімдегі клеткалар жұмыс істей бастады. 3-ші күні жаралық аузынан аппақ кішкене құрттар түсе бастады. 10-шы күні бетім қызарып, өз қалпына келе бастады. Жарығым көп-көп рахмет. Қолыңа қуат берсін.

 оригинал

Мен, Сенбеков Нұрлан, Сарысу ауданынан келдім. Құмарбек ағаны естіп келдім. Екі қолым көлдіреп ісіп қызарып кеткен болатын, оны дәрігерлер оңай жазылмайды, жатпасаң болмайды деді. Қанша жату керек деп едім 2 айдай деді. Содан соң Құмарбек ағайға өзім келдім. Мені көріп сен біраз ем алмасаң болмайды деді. 10 күндей болар деді, бірақ 4-5 күнде сыр беру керек деді. Айтқандай солай болды. 7-8 күнде қолын кеуіп, терімі түсіп, түсі өзгеріп шыға келді. Міне мұндай адал адамға қалай бас имейсіз жұртым елім. Мен бұл ағайды көп адамның аузынан естіп келіп отырмын. Адал адамды көтеру керек, яғни алақанда ұстау керек. Барды бағалау керек. Өз жан-ұямның атынан рахмет айтамын.

 оригинал

Мен, Ембердиева Айнур, 8.06.02 күні үлкен сыздауықпен қатты ауырып Құмарбек ағаға келдім. Тіпті тура ернімнің астынан шығып, бетім қисайып, тамақ іше алмай, әлсіреп, температурамен зорға келгенмін. Құмарбек аға көріп бірден сеанс жасады. Бірінші күні-ақ беті бері қарады. Үш күн оқыды, бәрі бірте-бірте орнына келді. Аға сізге айтар алғысы өте көп ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Сіздей алтын адамның өмірде барына өте қуаныштымын.

оригинал

Мен, Тәрімбеков Олжас, әскери борышымды өтеуге Қапшағай қаласына түсіп, содан әр түрлі радиция, себебі болу керек үсті басыма псориаз (жара) қаптап, содан 10 жыл бармаған жер, жасалмаған ем, жақпаған дәрі, оқылмаған тәуіп, молда қалмады. Алла қосып осы Құмарбек ағаны теледидар арқылы көріп естіп алдына сенім білдіріп келіп, үстімдегі жарадан құтылып отырмын. Денедегі жара 60%-і таза кетіп, ендігі жерде 1-ші Алла, 2-ші Құмарбек ағаға сеніп үстімдегі жараның толық кететініне сенімдімін. Алла жарылқап осындай аға, Құмарбек Думанұлы сияқты Қазақтың кәсіби дарындарын төбемізге көтеріп жүрсек біз сонда ғана ел боламыз. Айтпақшы қызым Айдананың гаймариті болған, мұрыны қазір тап-таза осындай ағаны туған анаға рахмет. Алла жар болсын.

 оригинал

Мен, Қаратев Шері, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылынан келген едім. Үстіме бір қышыма пайда болып еді, содан телевизордан хабарлама көріп, осы Сүлеймен көшесіндегі №63 емші балаға келіп, сеанс алып, емделіп өте жақсы, құлан таза жазылдым. Емшіге өте рахмет. Келешекте еңбегі халық үшін жана берсін! Рахмет балам еңбегің жана берсін.

 оригинал

Мен, Абдиманова Сұлушаш, Құмарбек інімді естіп алдына 7 жасар баламды алып келдім. Баламның басына жара шыққан. Осы Құмарбек ініме көп рахметімді, алғысымды осы қағазға түсіріп айтқым келді. Алла алдынан жарылқасын! Баламның басына жара шыққан, содан 4-5 күнде құлан таза айығып кеттік, осы інімнің арқасында.

Құмарбек ініме: ұзақ ғұмыр тілеймін, жанұясына бақыт, әрқашан мерейіңіз үстем болып, биіктеп өсе беріңіз деп алғысымды айтамын. Келіңіздер, емделіңіздер!!!

 оригинал

Мен, Абдухалиев Ильяс Болатұлы, осыдан 4 жыл бұрын белгісіз тері ауруымен ауырдым, содан бері бармаған жерім жоқ, баспаған тауым жоқ. Врачтарға да бардым, емшілерге де бардым, біреуі дұрыс диагноз қоя алмады. Әрине, мен жазылмадым. Мен енді үмітімді үзбей Құмарбек ағамызға келдім. Енді 10 күн мені қарап, емдеп болған соң мен жазылдым. Мен біріншіден Құдайға, екіншіден Құмарбек ағамызға ризашылығымды білдіріп, мың да бір рахмет айтамын!

 оригинал

Мен, Бамағамбетов Алдияр, Жамбыл қаласы, Кутузов көшесі №37 үй тұрғынымын. Менің келу себебім екі шынтағым, екі тізем және жамбас-тазымнан қышыма пайда болып, түнде ұйқыдан маза кеткен. Телевизордан осындай халық емшісін Құмарбекті естіп осында келгем. Әуелі Құдай, Құмарбек менің ауруымды тез арада жаза білді. Мен өз басым осындай адал, өз ісіне сенімді Құмарбектей ініме халық болып қолдау көрсетсек, онда бұл жігіт емдеу ісін одан әрі дамытатына сенімдімін. Шын жүректен табыс тілеуші Алдияр.

оригинал

Менің ұлым Туғанбаев Еркебұланды қолына жара шығып Құмарбек ағаға алып келдік. Бір жылдай жазылмай жүрген жарасы жеті күнде жазылды. Дәрігерлердің мазьынаңда еш көмегі тимеді. Құмарбек ағамызға көп-көп алғысымызды айтамыз. Зор денсаулық тілеп, еңбегіңіз жана берсін демекпіз. Алғысқа бөлене беріңіз. Рахмет сізге.

оригинал

Мен, Алыбеков Ақынбек, Өмірзақ Базарбай! Сол Сырдария жағасындағы, Қызылорда қаласынан келіп, осындай Құмарбек ағамыз емші бар деп естігенбіз Жамбыл қаласында бар деп. Сонан соң естіген бойда дереу Жамбыл қаласына келіп, көзіммен көріп, сөйлесіп, өзіміздің жағдайларымызды, науқасымызды алдына төгіп тастадық. Менің науқасым 1994 жылы біліне бастады. Былайша айтқанда аллергия немесе қышыма сияқты тәрізді денем де жаралар пайда болды. Менің емделуге қарсы врачқа барып, шөптен істелінген дәрілер «барокамера» деген таза ауамен т.б. дәрі-дәрмек «мазь» деген түрлі түсті емді пайдаландым. 1996 жылы Алматыға барып жатып емделіп те көрдім, ешкім диагноз қоя алмады. Содан соң қайтып келіп, диагностикаға барып анализ тапсырдым, небір шланга жұттым, сосын асқазанды да жүр. Енді айтарым врач дермотологка бар дейді. Одан соң когинай врачқа бар дейді. Содан сол, не істерімді білмедім. Қазір жағдайым жақсы, жазылып жатырмын. Осы Құмарбек ағайдың арқасында 3 сеанс алдым. Енді айтарым жоқ. Құдайдың берген күші бар ма, оған сеніп болмайсың, бірақ мен оған сендім. Құдіреті бар екен. Ондай кісілер өте аз бұл дүниеде. Менің Құмарбек ағама көп рахмет, алғыс айтамын. Өмірде бақытты болсын, өмірі ұзақ болсын, аңсаған арманына жетсін, ауырмай, семьяда бәріненде алда жүрсін – нағыз ҚАЗАҚ ЕМШІСІ! Қазақшылық адал – адамысың деп есептеймін.

 оригинал

Мен, Айтқұлова Гүлнар қызым Айжанды Құмарбек ағаның алдына июнь айында апардым. Тері ауруының ішіне «жарназ» жарасы. Бұл жараның шыққанына биыл 3 жыл болды. Ауруханада 40 күн жатып, әртүрлі мазьдар жағылды. Бірақ, ауруханадан жазылмады. Одан кейін, көптеген жерлерге апардым. Оданда ешқандай өзгеріс болмай жазылмады. Содан кейін Құмарбек ағаны естіп келдім. Ол кісі, кіргеннен қызымды жақсы қарсы алып, өзінің кіші-пейілдігі мен адамгершілігінің бар екенін көрсете бастады. Жағдайға байланысты, жарасын 10 күн емдеді. Жара басынан аяғына дейін қаптап кеткен еді. 7-8 күндері бірден өзгеріс болып, түрі өзгеріп жазыла бастады. 15 күннен кейін түгел бірден таза жазылды. Жараның жазылғанынан қызым Айжан өте риза. Сондықтан бұл кісіге шын риза және рахмет айтамын. Осылай халықтарға қызмет етуіне тілектеспін. Рахмет!

оригинал