Жаңа пікірлер


              Мен, Семейдің Үржар ауданы Мақаншы ауылынан кеп отырмын.

Құмарбек Думанұлын журналдан оқып армандап осы кісіден ем алсам жазылам деп келіп 10 күн емімді алып көзім жетіп қандай құдіреттің күші барын сезіп жазылып отырмын. Мен бірінші Алла, екінші Құмарбек Думанұлына мыңда бір рахмет айтамын. Бұл кісіні бізге Алла жіберіп беріп отыр, осы емшімізді Алла қолдап бала-шағасының қызығын көрсін, қосағымен қоса ағарсын.

Осындай емшіге келіп қаралыңдар. Жазылмайтын аурудан жазыласыңдар. Айналайын бауырым Құмарбек елдің алғысына рахметіне бөлене бер. Мен қуанғанымнан қуанышымнан әбден жазылып жазып отырмын.

Көп-көп рахмет.

Менің аты-жөнім Сүлейменова Күлзия Құсыманқызы.

4.08.2010 жыл.

 

оригинал

 

 

Мен, Омаров Тұрлыбек Алматы қаласының тұрғыны боламын.

Үлкен қызымды алғашқыда теледидардан осы емші ағаны көріп алып келдім. Қызым неше жылдан бері гайморитпен ауырып келген. Алланың құдіретімен қызым 10 күн қаралып таза сауығып кетті. Содан кейін өзімде және кіші қызымда қаралдық. Бізде ангина немесе тамағымыз ауыратын. Иншалла ағаның емі қонып таза сауығып кеттік.

Біріншіден Аллаға содан кейін ағамызға мың алғысымызды білдіреміз

26.02.2011 жыл.

Телефон 8-701-270-15-68

 

оригинал

 

 

Мен, Маманов Сапабек Жадыраұлы Шымкент қаласында тұрамын.

Мен емші ағамды теледидардан көрдім. Мен сыздауық жарасымен қатты ауырдым. Бас желке тұстарыма қаптап шығып кетті. Дәрігерлерге укол салдырып емін қабылдадым. Бірақ нәтиже болмады. Кесеміз дегендер де болды. Жаным қысылып осы ағаға келдім. Келген бойда бұл жарамды үш-ақ күнде жазылдырып беремін деді. Маған сенуде қиын болды. Бірақ шыныменде үш күнде жазылып кеткеніме бір Алла ғана куә. Мен ағама осы екі өмірдіңде жақсылығын көрсін деп шын тілеймін Ағамның жүрегінің таза екеніне мен шын сенемін. Сіздергеде дендеріңіз сау, мал бастарыңыз аман болуын тілеймін.

10.01.2011 жыл.

Телефон: 8 705 255 16 94

 

оригинал 

 

Алғыс хат

Мен, Ешмұхаметова Күмісхан осы хат арқылы Құмарбек ініме алғысымды айтқым келеді.

Мен 65 жастамын. Өмірімнің 20 жылы аурумен өткізіп келемін. Бірінші күшала ішуден бастап, қазақы емнің көбісін өткердім. Төрт рет ота жасатып, қанша емхана мен шипажайларда емделдім. Одан аса өзгеріс бола қоймады. Дегенмен құдіретті адам бар екен. Ол Жұқаев Құмарбек Думанұлы. «Абыз» газетінің кезекті бір санында осы Құмарбек туралы және оның қасиеті жайында мақала шықты. Содан оқып келдім. Келгеніме өкінбеймін Алла разы болсын. Қазір өзімді жақсы сезініп, дәрі ішкенді тоқтаттым. Құмарбек ел үшін туған бала екенсің, жасың ұзақ болып, елдің рахымын ала бер.

Қыдыр қолдап, бақ берсін.

Алланың нұры жаусын!!!

26.09.2011 жыл.

Телефон: 8-702-756-94-79.


оригинал

 

 

 

Бисмилләһи рахмани рахим.

Ағузубилләһи имәнә шайтан рәжим!

Құдіреті күшті Жаратқан Ием!

Бір Алланың құдіретімен, Бір Алланың бізге, пенделерге жіберген, «қарлығаштың қанатымен су сепкендей» бүкіл мұқтаж адамдардың ақысыз, пұлсыз сауабын алып, Алла берген тылсым күштің иесі Жұқаев Құмарбек Думанұлы қаншама адамдарды екі аяғынан тік тұрғыздырды. Осы үш жылдың ішінде өз көзіммен көріп, құлағыммен естіп куә болдым.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен сал болып қалған баланы жүргізіп, екі бүйрек, бауыр, ұйқы безі, әйел аурулары, тіпті кеудесін көтере алмай қиралаңдап келген жас жігіт (Айбек – Көкшетаудан) Оралдан, Ақтау, Атыраудан, Шығыстан, айта берсем өзім куә болған ауру адамдардың аттай шауып, денсаулықтарын орнына келтірген – Құмарбек Думанұлы.

Иншалла, өзім де үш жылдан бері ауруханаға барып, птстельетбы (укол алып) қиналмай жүрмін. Олда ең бірінші – Алла, екінші – Құмарбек Думанұлы.

Осындай қазағымның маңдайына берген асылымызды, бағымызды бағалай алмай жүрміз. Мен, Жақаева Толқын Оспанханқызы теледидардан да, басқа баспасөздерден де айтып келем, айтып келем.

Естір құлақ, көрер көз болмағаны ма?! Қолы ұзын, қалтасы қалың ағайындар қайда, неге ғана қол ұшын бермейді екен?

Тек Алладан үміт күтеміз.

Алматы қаласы.

Телефон: 221-56-84; 8-701-368-73-6.

18.03.2012 жыл

 

оригинал оригинал

 

 

 

 

Мен, Бүлетаев Сымбат, Шығыс Қазақстаннан, яғни Өскемен қаласынан келдім. 1976 жылы екінші қазан күні дүниеге келгенмін. Мен Құмарбек ағаны «ел құлағы – елу» лейлі, елден естіп-біліп келдім. Мен Астана қаласында ауруханада жатып, бүйрегімді ауыстыру керек болдығ яғни бүйрегім істемейді. Содан маған лазермен бүйрегіңді емдейміз деді. Бірақ одан ештеңе шықпады. Содан маған Қытайға барасың ба деген уәж айтылды. Мен оған келіскенмен қалтам көтермеді. Яғни 2 бүйрегім 25 мың 850 мың доллар болады деді. Содан мен баруға еш жағдайым болмады, яғни өлуге бел байладым. Содан әйелім ауырдың деп 2 баламды алып кетіп қалды. Содан туғандарым бәрі жиылып маған кеңес берді. Сен неде болса Құмарбек ағаға бар деп кеңес берді. Мен содан қараша айында (өткен жылы) Құмарбек ағаға келдім. Содан аға мені көріп 10 күннен 30 күн ем аласың деп айтты. Ағадан мен 10 күн ем алған соң елге қайттым. Екінші 10 күндігіме наурыздың 10-да келесің деді. Бірақ мен барғаннан кейін үлкен өзгерісті көріп, қуанып, шыдай алмай ақпанның 20-сында қайтіп келдім. Содан мен зәрімнің уақтылы келіп, бүйрегімнің орнына келгенін сездім. Дәрігерлерге баруға дәтім бармады. Бірақ мен баруға бел будым. Тексерілсем бүйрегім орнында тұр. Міне құдіретті көрдіңіздер ме, ағайын?!

19.02.2011 жыл.

Телефон: 8-702-842-24-20.

 

оригинал

 

 

 

Мен, Күләтай Құттыбайқызы, балам Бекті Құмарбек Думанұлына алып келдім. Өйткені балама қойған диагноз өті толып, тамақ іше алмай қалған. Осы кісіге әкеліп 10 күн ем алған соң балам көз алдыда өзгеріп сала берді. Тамақ ішіп, боп-боз болып тұратын балам екі бетіне қан ойнап өзгеріп салды. Сөйтіп біз 3 рет келдік. Жақында дәрігерлер балаңызда зоб бар деп айтты. Анализ тапсырдық, тағыда дәрілер алдық.

Бірақ біз ол дәрілерді пайдаланбай, тағыда Құмарбекке келдік. Ол кісі 20 күн емдеймін деді. Міне 20 күні бітті, енді 10-күн демалып, анализ тапсырыңыздар деді. Ал өзім сол баламды әкеліп жүріп көрген талай сырқат адамдардың сауығып кеткендеріне көзім жетті. Бұл кісіге Алла қуат беріи, еңбегі жемісті болсын деп тілеймін. Бұл біз сиқты емге зіру болған адамдардың маңдайына біткен «Ерекше Адам» деп ойлаймын. Құмарбек Сізге мыңда бір алғыс айтамын.

24.03.2012 жыл.

Күләтай

Телефон: 8-707-679-55-90

 

оригинал

 

 

 

 

Мен, Қуанышалиева Меңсұлу, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шалқар ауылынан келдім. 1957 жылы дүниеге келдім. Осыдан 6 жыл бұрын құлағымда қатты шулар пайда болып, есту қабілетім күрт төмендеді. Дәрігерлерге барып қаралдым, олар «внутричерепное давление» деп дәрі-дәрмектер жазып берді. Бірақ ол дәрілерден пайда болмады, тек қысқа уақытқа әсер беретін. Әр күз, көктем сайын давлением көтеріліп, басым айналып, құлағым тұнып жатып қалатын болдым. Құмарбекті «Емші» газетінен оқып білдім. Қазір міне Құмарбекке 3 рет келіп, елге қайтып барамын. 1-ші рет келгеннен кейін ақ өзім жеңілдеп, өте жақсы болып қалдым. Ауылға барғанда ауылдағылар қатты өзгергенсің, жасарғансың деді. Қазір құлағымның шуы басылды, құлағым жақсы естиді. Құмарбек ініме үлкен алғысымды айтамын. Еңбегіңіз жемісті болғай!

24.03.2012 жыл

 

оригинал

 

 

 

Мен, Тасмағамбет Амандық Торғайдың тумасымын. Ұзақ жылдар хронический бронхитпен ауырып, оның үстіне ек 6 және 7 жастағы балаларым ауырып үлкен қиыншылық көрдім. Дәрігерлерге, емшілерге көрініп ауруыма ем таба алмадым. Содан «Абыз» газетінен осы кісі туралы оқып келіп қаралдым. Күзде және көктемде екі рет келіп ем алдым. Бірінші күннен кейін-ақ қақырық түспей қиналғаным басылды. Бұл кісіге балаларымды да алып келдім. Жұқаев Құмарбек Думанұлы аға нағыз ақжүрек кісі екен. Жағдайымды түсініп балаларыңды еш ақысыз тегін емдеп берейін, мойныма алдым деді. Екі баламда шүкір қазір жақсы болды. Кішісі демігіп түнімен ұйықтамай қиналып шығатынды. Екі жеті сайын антибиотик (сумамед т.б.) не ішіп, не егілетінді. Қазір демігуін қойды. Әрі аллергиясы бар. Көздері қышиы, түшкіре береді. Қазір аллергиясын емдеуде. Ал үлкен балам қақырық түспегендей тамағын қырнай беретін. Мектепте балалар сыныптас, мұғалімі тарапынан ұнатпаушылық орын алғанды. Міне сонысын қазір қойды. Өзімде толық емделіп шығамын деген сенімдемін. Осы жайларды жаза отырып ағаға қолыңыздың шипасы кетпесін. Біз сияқты осындай қиналған адамдарға жәрдем, шипа беріп жүре беріңіз дегім келеді. Бұл кісіге үкімет тарапынан көмек болса ғой деп ойлаймын. Сонда бұл кісі еш алаңсыз шипасымен айналысар еді деп ойлаймын.

Үй-жайым: Алматы қаласы

Телефон: 380-77-35; 8-777-669-11-89

 

оригинал оригинал

 

 

 

 

Мен, Еденов Бағдат Нұрболатұлы Алматы қаласының тұрғынымын.

Не болғанын білмедім, осыдан екі жыл бұрын тіземе бөртіп бірдеме шықты. Содан ол аяғымның басына дейін қаптап кетті. Өздеріңіз білесіздер бірінші жүгінетін дәрігер. Сол дәрігерде бір жылдай емделдім, еш нәтиже болмады.

Дәрісін, уколын, массажын бәрін-бәрін берді, содан не керек көмек болмады. Содан амалсыздан дәрігерге ренжіп жүрген кезімде туыстарым «аяқты кесіп тастаса не істейсің» деп Алматыдағы №1 дерматологқа апаруға кеңес берді. Ол жерге 3 ай барып, күніне 10 000 теңге төлеп нәтиже болмады. Күндердің бір күні Құмарбек аға туралы естіп ол кісі тамырмен емдейді екен, сосын осы ағаға келдім. Шашылған, төгілген жағдайымды айтып едім, «сендер бәрің сөйтесіңдер, төлейтін жерге төлеп ем алудың орнына шашыласыңдар» деді.

Құмарбек аға маған «30 күн емді 10 күннен бөліп аласың» деді. Мен сол бірінші 10 күнде жақсы бола бастағанымды сездім. Екінші 10 күнде құлан таза айықтым.

Міне – Құдірет!!!

15.03.2012 жыл

Телефон: 8-775-148-87-32

 

оригинал

 

 

 

 

Мен, Айбек Көкшетау қаласында тұрамын. Алматыға жұмысқа келгенмін, содан бір күні белімнен ауырып тұра алмай қалдым, не істерімді білмей дәрігерге бардым. Мені ары-бері көріп мазь, укол жазып берді. Одан екі ай емделдім, ештеңе шықпады. Қатты ауырғаны соншалықты мен тұра алмай қалдым. Содан маған бір танысым айтты Құмарбек деген аға бар деді. Сен соған бар, деді. Мен Құмарбек ағаға келдім, жүре алмай тұра алмай тұрғанымды көріп жат деді. Содан мен қорықтым шыны керек, мен сонда таңғалдым бұл кісіге, өзіне уверен айтады және істейді. Содан мен орнымнан тұрып жүріп кеттім. Міне керемет десеңізші, мен таң қалдым. Мен содан үш күн келіп, тап-таза жазылып кеттім. Міне человек с Буквы.

23.03.2012 жыл

Телефон: 8-702-205-30-05, 8-777-205-71-71

 

оригинал

 

 

 

 

Мен, Ахметова Женя Алматы қаласының тұрғынымын. Мен елден естуім арқылы Жұқаев Құмарбек Думанұлына келдім. Бұл кісіге таңғалғаным Сіздің дене сүшеңізде кесіп, қиып, тесіп алып тастайтын артық ештеңе жоқ. Өйткені дәрігерлердің айтуына қарағанда менің мұрнымды теспесе болмайды деп тұжырым жасады. Себебі ірің жиналса миыңа кетеді деп айтты. Осындай үреймен қорқынышты Құмарбек аға 3 күнде тнспей-ақ сап қылды. Өйткені таңқалғаным ағаның қолы тигеннен іріңнің өзі аға бастады. Міне құдірет десеңізші мұндайға халқым қалай сенбейсіз. Біз өз семьяларымыздың атынан мыңда бір алғыс айтамыз.

Алланың нұры жаусын.

23.03.2012 жыл.

Телефон: 8-777-030-99-91

 

оригинал

 

 

 

 

Мен, Алиев Данияр Абзалиденұлы Алматы қаласының тұрғынымын.

Бір күні басым, қасымның үстіңгі жағы қатты ауырды. Таңертең, кешке дәрі ішіп ауырғанын кішкене бастым. Ертеңіне шыдатпастай ауырды, бірден №5 қалалық ауруханаға барып тексерілдім, басыма ренген жасады. Маған 5 күн жатасың мұрныңды тесеміз деді бірден. Мен жалпы ондай нәрседен жаным қатты қорқады. Жұмысқа келдім де бірден интернетке кіріп, осы гаймориттің басқа емдеу жолын, яғни теспейтін жолын іздедім. Бірден Құмарбек ағаның сайтын тауып, сол сайттағы тек гайморит деген тармақшасын оқып шықтым. Халықтың ықылас, ризашылығы, лебіздері келтірілген. Бірден Құмарбек ағаның телефонын алып қоңырау шалдым.

- Менде гайморит дедім мен ағаға.

- Айналайын қарағым тестірме деді маған аға. Сол күні ағаға мен таңертең Сізге барамын дедім. Ертеңіне ағаға бардым. Бірден жақсы көңілмен қарсы алды. Мән жайды сұрады, маған 10 күн келесін гаймориттен құтыласың деді. Бірақ басында қатты ауырады деді. Мен 4,5-ші рет келгенде басым шыдатпастай қатты ауырды. Бірақ 7-ші рет келгенімде мүлдем ауырғанды сезбедім. Сөйтіп басым жақсы болды. Емді соңына дейін Құмарбек аға айтқандай қабылдадым. Құдайға шүкір жақсы болдым.

Құмарбек ағаны кездестіргеніме өте қуаныштымын. Ағама көп рахмет, елімізде осылай Құмарбек ағадай азаматтарға мемлекет тарапынан көмек болса құба-құп болар еді.

Құмарбек ағама Алланың ризашылығы болсын. Халықтың адамы Құмарбек аға, осы ісіңізге сәттілік, отбасыңызға амандық тілеймін.

Ініңіз Даниярдан

07.06.2012 жыл

8-705-149-52-08

 

оригинал  оригинал

 

 

 

 

Мен Құмарбек ағаға 2009 жылдан бері келіп емделіп жүрмін. Ағамызға бірінші өзімнің үлкен қызымды алып келдім. Қызымның жақсы ем алғанын көріп өзім емделдім. Қазір кіші қызымды алып келдім. Қызымның мұрнында «полив» болатын. Сәуір айында 15 күн дәрігерге алып барып емдеттік, сәл жақсы болып жүрді. Мамыр айында тағы ауырды, содан Құмарбек ағама алып келдік. Бірінші күннен бастап өзіміздің білетініміздей жақсы результатты көре бастадым.

Мен осы ағамның Алла берген қасиетіне, құдіретіне ризашылықпен қарап келіп жүрмін. Осы ағама денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Алға қойған мақсаттары орындала берсін.

Ризашылықпен Жаннұр Жақыповадан

14.06.2012 жыл

Телефон: 8-777-155-85-79

 

оригинал

 

 

 

 

Я, Достелисова Салтанат Бейсембаевна проживаю в г.Алматы.

Хочу сказать блатодарство Кумарбеку агашки, что без лекарств, операции вылечил меня от гайморита. Были страшные боли, прописывали антибиотики врачи, временно проходило и опять, занова боли (те гайморит). Прочитав мой отзыв, хочу что бы вы говорили людям, передовали, что без операции и лекарств можно оказывается избавиться от всяких болезней. Спасибо большое Кумарбеку агашки!

25.08.2012 год.

Телефон: 8-701-915-31-70

 

оригинал

 

 

 

 

Мен, Тұрсынбаев Ғалам Нажметдинұлы Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласынан келдім. Келу себебім қызым Айсәулені алып келдім. Айсәуленің ауруы эпилепсия дейді дәрігерлер.

Айсәулем 13 жасынан ауырды осы науқаспен 3 жыл дәрігерлермен жүрдік. Ешқандай өзгеріс жоқ. Содан қазақы емге көштік. Бармаған жеріміз түнемеген бейіттер қалмады. Еш жәрдем болмады. Содан осы жылдың август айында «Емші» газетінен Құмарбек інімді таптым. Өзімен телефон арқылы сөйлесіп мән-жайымды айттым. Содан Құмарбек бәрін түсіндірді. Содан сентябрь айының 20-да келдім. Жылы шыраймен қарсы алды. Тіпті жататын үйде дайындап қойыпты. Мұндай жағдайды екінің бірі жасамайды. Осы қызметіне мыңда бір рахмет.

Енді Айсәулемнің жағдайын айтайын. Поезда ауырып келіп еді. Келгелі Аллаға шүкір тәуірміз... Құмарбек інім Сіздің отбасыңызға мол бақыт, алдыңыздан ақ күн туып, жұлдызың жанып, халқыңның сүйікті ұлы бол.

Игі тілекпен Ғалам – Балзия

26.09.2012 жыл

Телефон: 8-705-380-05-42


оригинал   оригинал

 

 

 

Мен, Айымбетова Райкүл Есетқызы Алматы қаласында тұрамын.

Мен Құмарбек құрдасты теледидардан көріп келдім. 30 жылдай болды мұрнымнан дем ала алмай қатты қиналатынмын. Жылдар бойы медицинадан емдер алдым. Көп қазақи емдерге де бардым. Ешбірінен көмек болмады. Бірінші Алланың екінші Құмарбек құрдастың көмегі 3 күннен кейін мұрным ашылып, өмірге жаңа келгендей күйге түстім.

Аллаға мыңда бір «шүкір» бізге Құмарбектей емшіні кездестіргеніне. Қаншама елдер Республикамыздың түкпір-түкпірінен келіп жатыр. Солардың бәріне шипасын тигізіп жатқанына куә болып отырмыз. Елдің ризашылығына бөленіп, қолыңыздың қуаты күшейе берсін демекпін. Деніңіз сау, өмірде бақытты болыңыз!

Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын!

Игі тілекпен құрдасыңыз Райкүл

09.05.2013 жыл.

Телефон: 8-701-583-35-00

 

оригинал

 

 

 

 

Өзге емес өз жайымды баяндайын,

Өлеңменен өз әлімше аянбайын.

Тұрағым Арал теңіз жағасында

Қазақтың ұлан байтақ даласында.

Ауылдың атын айтсам «Қаратерек»

Талайға алтын ұя болған мекен.

 

Баласы Ақжігіттің Марғұланмын,

Басымнан өткен жәйді сөз қыламын.

Аралдың қасіретін ел біледі,

Сөз қозғап ол жайында не қылайын.

 

Шипа іздеп мен дертіме келген едім,

Емші аға Құмарбектей шипагерді.

2 жыл бұнан бұрын білген едім.

Армандап осы ағаға барсам дедім,

Шипасын мен дертіме алсам дедім.

Ауырдым аллергиямен көптен бері,

Дәрі-дәрмек болмады, доктор емі.

 

Бір балам Нұрсұлтанда ауыра берді,

Бронхит, аллергия бар еді және демікпесі.

Үлкенім Дәуренбекте гайморит боп,

Бар еді өкпесінде науқас дерті.

Көріндік келіп біздер емші ағаға,

Ертерек ем болсын деп балаларға.

Емші аға иман жүзді адам екен,

Қарсы алды бауырындай бұрын көрген.

 

Үй-жайды дайындапты бізге бола,

Емші аға Құмарбекті Алла қолда.

Әр істің әрқашанда сәті болар,

Жақсыны әрқашанда Алла қолдар.

 

«Асыл ер, өзін биік санамайды,

Ел үшін еңбек күшін аямайды.

Серік бол шамаң келсе сондай ермен

Тар жерде бас амандық жарамайды».

 

Сыр сүлейі Нұртуғанның айтқанындай.

Осы жыр Құмарбекке арналғандай.

Арманым орындалып Құмарбек аға,

Үкімет бұл ісіңді қолданысын-ай.

 

Мың алғыс бұл еміңе Емші аға,

Халқың қолдап, үкімет берсін баға.

Жоғарғы басшыларға хабар тиіп,

Өзіне салып берсін аурухана.

 

Қолынан әрқашанда қуат кетпей,

Алланың Сізге сыйы дари бергей.

От басың әрдайымда аман болып,

Жайқалсын ұрпақтарың тау гүліндей.

 

Қайтуға біздің міне келді кезім,

Дертіме шипа болды берген емің.

Еліме барғаннан соң айта барам,

Көрдім деп Құмарбек аға құзыретін.

Құмарбек аға Сізді Алла силасын!!!

 

16.08.2013 жыл

Жексембаев Марғұлан Ақжігітұлы

Моб.: 8-701-549-7897; дом тел.; 8-72433-4-33-94

Ақжігітов Дәуренбек пен Нұрсұлтан Марғұланұлдары

 

оригинал   оригинал

 

 

 

 

Мен, Жаңабай Нұрбақыт, Алматы облысы Есік қаласында өмірге келдім.

Мен эпилепсия, яғни талма ауруымен ауырдым. Көптеген жерлерге барып емделдім. Мен емшілерге, тәуіптерге, әр түрлі ауруханаларға бардым. Бірақ оның бәрі уақытша болды. Ең көп дегенде жарты ай, бір ай ғана әсер етті. Сосын қайта басталды. Уақыт өткен сайын ауруым жақсарады ма десек, бірақ одан да қатты ауырлап кетті. Осы аурудың кесірінен мектептен де шығарып жіберді. Себебі сабақта 2 сағаттан артық отыра алмайтынмын. Емшілерден ем алғанда 3 күн жақсы болып құламай, есесіне 1 күнде 2-3 рет құлайтынмын. Ауруды беретін де Алла, ауруға ем беретін де Алла ғой. Бір күні тәтем Алматыда Жұқаев Құмарбек деген кісі бар екен деді. Көп адамдар емделіп кетіп жатыр екен деді, осы кісіге әкеліңдер деді. Ол кісі эпилепсия, бронхит, тері ауруларын, гайморит, бүйрек, бауыр және т.б. ауруларды емдей алады деді.

Сосын көп кешікпей осы кісіге келдік. Мен бұл кісіні бір көргеннен ұнатып, ішім жылыды. Ауруымның емін осы кісіден табатындай сезіндім. Мамама осы кісіге келемін дедім. Ең бірінші келгеннен-ақ әсер ете бастады. Өзімді жеңіл сезініп, арқамнан ауыр жүк түскендей сезіндім. Бір он күндіктен жақсы болдым. Енді бүгін төртінші он күндігімді аяқтап үйге кетіп барамын. Ауруымның емін Құмарбек ағамнан тапқаныма өте қатты қуанамын. Мақтауға тұрарлықтай кісі.

Мен Құмарбек ағама ұзақ өмір, зор денсаулық, еңбегінің жемісін жеуін тілеймін. Жүзінен әрқашан күлкі кетпесін. Балаларының қызығын көріп, ең биік шыңдардан көрінуіне мен әрқашан тілектеспін. Құмарбек аға Сізге мың алғыс! Дертіме дауа болғаныңыз үшін мен сізді ешқашан ұмытпаймын. Сізге алғысым шексіз.

18.03.2015 жыл.

Телефон: 8-707-386-28-93 (өзімнің номерім.); 8-747-857-03-94 (папамның)

 

оригинал    оригинал

 

 

 

 

Мен, Ә.Б.Гаухар Алматы қаласының тұрғынымын. Мен Құмарбек Думанұлы ағамды теледидардан көргенмін. Бірақ ол кезде аса мән берген емеспін. Бір кезге дейін яғни 2 жасар қызым Камшаттың туа пайда болған құлақ алды жыланкөзі сыр бере бастағанша. Қызымды өзімде дәрігер болғаннан кейін өзімнің коллегаларыма көрсете бастадым. Профессорларға да бәрі бір ауыздан операция керек деп үкім айтты. Не дегенмен ана емеспін бе жүрегім отадан басқа амалды іздеді де тұрды. Себебі қызым о әлі кішкентай нархозды көтере ала ма жоқ па, зияны қандай?

Неде болса Құмарбек ағаға келуге бел будым. Сөйтіп ем де басталып кетті. Алдын да сенбеп едім, бірақ емнің 5-ші күні өз-өзіме, өз көзіме сенбедім. Жыланкөздің ішінен ірің өзінен шыға бастады. Басында дәрігерлерге барғанда дренаж жасап тілмесе ірің шықпайтын, ал бұл кезде өз-өзінен шыға бастады. Ірің толықтай шығып орны бітеле бастады. Қазір емнің үшінші курсын алып жатырмыз. Құдайға шүкір бәрі жақсы. Мұндай ағамның барына, осы адамға жолыққаныма бақыттымын. Бұл өмірде баланың күлкісінен асқан бақыт жоқ шығар. Құмарбек ағама айтатын ағама алғысым шексіз. Құдай ағама Алланың нұры жаусын.

Құмарбек ағадай жүрегі таза, пәк, адамгершілігі мол адамға жоғары лауазымды кісілердің сәл ғана қолдауы жетіспей ғана тұр. Осыны еске алса болар еді.

22.07.2015 жыл

8-775-290-42-74

 

оригинал    оригинал

 

 

 

 

Мен, Эльмира Мусақанқызы Алматы қаласының тұрғынымын.

Мен бұл кісіні білетін себебім, автобуста келе жатып екі әйел бір-бірімен Құмарбек Думанұлы жайлы әңгіме қылып отыр. Мен содан сол кісілерден сұрадым. Сол кезде ол кісілердің айтқаны былай, біреуінің баласы гайморит екен, екіншісінің қызының үстіне жара шығып кете береді екен. Содан мен мынандай шешімге келдім. Өз ағамның баласының мұрнын емдеттім жәнеде туған анамның мұрнын емдеттім. Ана кісілер айтқандай қысқа мерзімде емдеп берді. Бұл кісіге таңғаларлықтай жағдай болып тұр. Өйткені кеспейді, теспейді, ұқаламайды, туфи-суфи демейді, құдіретінің бәрі қолында.

Бұл Алланың берген нұры, яғни біз бұл кісіні құрметтеуіміз керек.

22.07.2015 жыл

 

Телефон: 8-701-427-90-00

 

оригинал