ЖАЛПЫ СЫРҚАТТАР


Мен, Шопанбаева Нұракүл Қабылбекқызы, 2002 жылдың 23 сәуірінен бастап қатты ауырдым. Жаныма қатты батса да дәрігерлерге бармадым. Неғұрлым көп ауырсаңыз, дәрігерлерге деген сенім соғұрлым аз болады екен. Асқазаным қатты ауырып, тамаққа еш зауқым болмады. Тамақ ішпеген соң әбден әлсіредім, тіпті жүруге де әзер шамам келіп жүрді. 16 мамыр күні Құмарбек емші туралы естіп, сол кісіге келдім. Ол кісі мені жылы қабылдады. 10 күн ем алатынымды, алғашқы күндері қатты қиналатынымды да айтты. 17-18 күндері өте қатты қиналып температурам күні бойына түспеді. Лоқсып құсқым келеді, бірақ құспадым. Тамаққа ешқандай зауқым жоқ. Сол күндері ішім өтті 1-2 рет. Зәрге отырған кезде соң жағымнан ақшыл қою зат түсті. Екі күннен соң бұл зат азая бастады, кейін қойды. Қазіргі жағдайым жақсы. Тамаққа да апитетім бар, әлім кіре бастады. Осындай қалыпқа келгенінме емші Құмарбек бірден бір себепкер болды. Ол кісіге құдайдың берген сол қасиетін зәру жандарға алдағы уақытта аямайтынына сенемін. Жасы ұзақ болып жаманшылық көрмесін! – деп тілеймін. Тек осындай адал азаматқа қолдау көрсететін арамыздан адамдар табылса ғой шіркін. Бізде қиналған жерде қол ұшын беретін қалталы азаматтарымыз осындай халық үшін адал еңбек етіп жүрген Құмарбек сияқты жандардан аямаса екен деймін көмектерін. Әрине айтып отырғаным материалдық жағдайлар.

 оригинал

 

Мен, Құлшынбаев Баққара, менің денсаулығым болмай осы кісіге келдім. Жалпы денсаулығым жақсарды, ауырмайтын жерім жоқ еді. Осы кісіге қаралғалы жақсы болдым, бұл кісіге риза болып семьясына бақыт тілеймін Алла жар болсын.

 оригинал

 

Мен, Сәрсембаев Оразалы, менің кеген жәйім арақты қою. Мен келген күннен бастап араққа тяга жоқ болды. Құмарбекке үлкен рахмет, осындай үлкен адамдарға қолдау беру керек және құрметтеу керек. Және менің айтатыным жоғары ұстау керек.

 оригинал

 

Мен, Дәутаева Айғаныс, Жұқаевқа 10 күн қаралдым. 10 күннің ішінде, өте жақсы болдым. Келгенде аяқ-қолым дірілдей жүрегім, асқазаным ауырып келіп едім. Әзір өте жақсы болдым, ұйқым тыныш. Жұқаев Құмарбек сияқты адамдарды қолдау керек, жоғары көтеру керек. Өмір жасы ұзақ болсын деймін. Халыққа деген үміті өте жоғары. Үлкен рахмет.

оригинал

Мен, Бекжігітова Назгүл Ержігітқызы, осы 2002 жылдың 27 майынан бастап қатты ауырдым. Жаныма қатты батса да больницаға бармадым. Екі қолым ісіп, денем ауыр тартып ауырған. Сөйтіп осы Құмарбек ағаға келдім, 3 күн емделіп міне қолыма қан жүріп денсаулығым жақсы болды.

Құмарбек аға! Сізге тілейтінім денсаулық, ұзақ өмір, семьяда бақыт, аспаныңыз ашық болып, осы емделіп жатқан кісілердің рахметі тиіп, сізді әрдайым аруақтар жебеп, қолдап жүрсін. Бала шағыңыздың қызығын көріп бақытты болыңыз. Үлкен рахмет.

оригинал

Мен, Әбдрасілқызы Жұмакүл. 2001 жыл майдан бастап ауырып больницаға жатып шықтым. Содан осы Құмарбек ініме келіп емделіп жақсы болдым. Осы кісінің арқасында жақсы болдым. Сізге көп рахмет.

оригинал

Мен, Абдикаримов Дархан, асқазан мен басым ауырып Құмарбек ағаға келдім. 10 күн сеанс қабылдадым, Асқазан ауыратын. Міне, осы 10 күн ішінде Құмарбек аға емдеп шығарды. Аға сізге кұп рахмет. Өзіңізге, семьяңызға бақыт тілеймін. Атыңыз ел аузынан түспесін.

 оригинал

Мен, Бакманова Алтынкүл, 2002 жылы 10 күндік ем қабылдап, өте жақсы болып кеттім, сізге тілейтінім денсаулық, еңбегіңіз жемісті болсын.

 оригинал

Мен, Кусегенов Бақыт. Тараз каласының тұрғынымын, мен Құмарбек ағаны естіп келдім. Құмарбек аға шын ниетімен қарсы алып, күтіп алды. Үш күн қаралдым, Құдайға шүкір жақсы болды. Басым, бауырым, өтім толып келгенмін. Құмарбек ағаға көп көп рахмет айтамын, айығып кеттім. Осындай ақ жандарға көмек беріп қолдау керек. Рахмет, Құмарбек аға.

 оригинал

Мен, Елшібекова Гүлшар, осы жылдың қаңтар айында өзімнің туған сіңлімнің қызы қатты ауырып осы кісіні шақыртып алып келіп қараттым. Бір көргеннен соң ақ қызы айығып кетті. Қазір осы ағаға келіп көп рахметімді айттым. Өзінің емдеген адамдарының ризашылығын ала берсін.

 оригинал

Мен, Паралиев Қонай, осы жылдың шілде айында қатты ауырып, осы Құмарбек ағамды естіп келіп, қаралып, осы Құмарбек ағаның алдына келіп ауыруымның бірінен жақсы болып кеттім. Осы ағама көп көп рақыметімді айтам. Алла разы болып, әрқашан алдынан жарылқасын.

 оригинал

Мен, Әбзелбек Күсембеков, осы Құмарбектің алдына аяғымнан қатты ауырып келіп едім. Содан үш сеанстан кейін аяғымның ауырғаны қойып, жақсы бола бастадым. Сонымен он сеанс алдым, енді бұрынғы ауру жоқ, толық емделіп шықтым. Құмарбекке айтатын алғысым мол үш аяқтап келіп, екі аяқтап аттап сауығып кеттім. Жасы ұзақ, денсаулығы мол және емшілігі артып, халқының алғысына таланты жүре берсін.

оригинал

Мен, Жұманбаева Тазакүл Избасаровна. Менің кішкене немере ұлым ауырып, Құмарбекке келдім. Сол кісіден кейін менің немеремнің ұйқысы тынышталды. Немерем шалқалақтап жылаған кезде түн баласы ұйықтамайтын. Доктырларға бардық, олардың емі ешқандай әсер бермеді. Сонан соң осы Құмарбекке келдім, сол күн ақ менің баламның денсаулығы өте жақсарды. Мен бұл кісіге айтарым дені сау, бала шағасы аман болсын дер едім. Өте көп-көп рахметімді айтамын. Осындай азаматтар көп болса екен дер едім. Құмарбек сізге өте көп рахмет.

 оригинал

Мен, Дурәлиева Әлия Бейшенбекқызы. Менің сіңлімнің бір жақ тамағы 2 жылдай ісіп жүрді. Аудандық дәрігерлер қалаға жіберді. Қала дәрігерлері қыздың тамағын кесеміз деп шешті. Содан Құмарбек ағаны естіп, осы кісіге алып келдім. Құмарбек аға қараған күннен бастап тамағының ісігі кете бастады. Сөйтіп, тамағымен жазылып кетті. Осы Құмарбек аға сияқты кісілерді қолдап, жүруіміз керек. Өйткені бұл кісі көптеген кісілерді емдеп жүр. Құмарбек аға сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт, ақ жол тілеймін. Жұмысыңызға табыс тілеймін.

 оригинал

Мен, Қыйкенов Қуанышәлі, халық емшісі Құмарбекті елдерден естіп, бұл кісіге келіп, өзімнің денсаулығымды көрсетіп, жақсы ем қабылдап, бұл кісіге риза болдым. Маған емі өте жақсы әсер етті. Менің айтарым бұндай адамға жалпы халық көтеру керек және қалталы азаматтар мүмкіндігі болса жәрдем жасау керек.

 оригинал

Мен, Абдикаримова Қызбала, осы Тараз қаласынан келдім. Қызым Гауһарды емдеуге алып келдім. Біз келгенде Құмарбек емші өте шын ниетімен адалдық жүрегімен қарсы алды. Қызым үш-төрт күн емнен кейін өзін жақсы сезініп кетті. Емнің соңына дейін өте жақсы болды. Менің бұл кісіге айтарым көп-көп рахмет. Осындай кісілерді халқымыз қолдасын. Барлық уақытына Алладан жақсылық болсын. Бұл кісінің жүрегі, ақ ниеті таза қасиеті мол кісі. Көп рахмет.

 оригинал

Мен, Қозыбақова Аяулым Батырханқызы. Мен Құмарбек Думанұлы ағаға бас ауруымен келген едім. Ол кісі мені жақсы қарсы алды. 10 күндік ем алатын болдым. 4-5 күнде өзімді жақсы сезіне бастадым. Басымның ауырғаны қойып, көңілім көтеріңкі, мазасызданбай жүрдім. 6-шы күннен бастап асқазанымды емдеттім. Емдеткен себебім, ауыр тамақ іше алмайтынмын. Осы 3 күн емдеді. 2-ші күні асқазанымның ауырмайтынына көзім жетті. Мен Қозыбақова Аяулым Жұқаев Құмарбек Думанұлы ағаға өте ризамын, мың алғыс айтамын! Менің айтатыным, Құмарбек ағадай кісілерді көтеру керек деймін, қолдау керек деймін! Құмарбек ағаға зор денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт, қажымас қайрат, талмас қанат, жолдастарының алды болуына, жанұяда бақытты болуына тілектеспін.

оригинал

Мен, Мамырова Урзада, денсаулығыма байланысты емделіп, жаным шипа тауып жүрген бауырларымнан естіп, Құмарбектің алдына келдім. Рахмет ауырған жерімді тура тауып, емдеп көңілден шықты. Қазір өте жақсымын. Құмарбектің әрбір сөзінің өзі адамның өзіне деген сенімін арттырып ауруынан айыққандай әсер береді. Құмарбекке тілейтінім: Алла берген бойындағы алтындай күш-қуаты таусылмасын. Алды жақсы, қолы шипалы болып, еңбегі жанып, халқы үшін жаралған бір тума жан ретінде өмір берсін. Мүмкіндігі бар жандар қолдау көрсетіп, бұданда жоғары дамуына қол ұшын беріп, көмек көрсетсе деп ойлаймын. Рахмет Құмарбек. Еңбегің жансын.

 оригинал

 

Мен, Тұрсынбаев Қанат Ниязалұлы, Құмарбек ағаға келіп ем алдым. Осы кісі менің жағдайымды түсініп аз арада ем жасап емдеді, Құмарбек ағаға көп рахмет айтып, сол кісі сияқты адамдар көп болса деймін. Рахмет сізге!

 оригинал

 

Мен, Мейірханқызы Балхия, Айша-бибі ауылында тұрамын. Мен Құмарбек ағаға келген себебім өзімді қинаған зоб ауруының салдарынан келдім. Келер күннің түнінде қатты қысылып ұйықтай алмай шықтым да, ертесіне таңертең келдім. Бірақ қолының шипалығынан бірінші күннен жақсы демалдым. Маған 10 күн ем аласың деді, бірақ 7 күнде жақсы болып шықтым. Бұл кісіге көп-көп рахметімді айтып, одан әрі халықтан алар алғысы көбейіп, көркейіп, өмір сүре бергін деп тілеймін.

 оригинал

 

Мен, Ақынбаев Тікен Сәбитұлы, Құмарбек ағадан келіп ем алдым. Ол кісі менің жағдайыма қарап ем қабылдады. Мен келгенде суықтан жүре алмай келгенмін. 3-4 күннен кейін әсер бере бастады. Міне бүгін 10 күн өті, жақсы болдым. Құмарбек ағаға көп-көп рахметімді айтамын. Семьяда бақытты болыңыз, тілеген тілегіңіз алдыңызға шықсын.

 оригинал

 

Мен, Ауғанбаева Анар Тоқтасынқызы, Тараз қаласы 9-шы мөлтек ауданында тұрамын. Құмарбек ағаны естіп, көрінуге келдім. Ол кісі мені жақсы қарсы алды. Мен врачқа терапевтке және эндикримологқа қаралып едім, мені УЗИ, ЭКП жіберді. УЗИ мен ЭКП результатын алып эндикринологқа бардым. Врач маған зоб 1 степени деп дәрі жазып берді де, 10 күннен кейін келесің деді. Ол дәрісін 5 күн ішіп едім ешқандай результат болмады. Түнде ұйықтай алмайтынмын, ауа жетпейтін, жүрегім тарсылдайтын, Құмарбек ағаға келгелі жақсы болдым және екі тізем ауыратын. Бүгін 8-ші күн сеанс алдым. Ағаға көп рахмет, денсаулығы мықты болсын, өмір жасы ұзақ болсын және де осы жанұяға тек жақсылық тілеймін.

 оригинал

 

Мен, Аязбаева Дина, аллергия, іш құрылысым ауырып, Құмарбек емшіге келдім. Менім айтарым көп тілмен жеткізу қиын. Рахмет емі әсер еткені соншалықты үйге барған да жуынуға биотогы кетіп қалат деп сенімді болдым. Менім айтарым халықтың арасында осындай жігіттер көп халыққа шипа берсе деймін. Соны жоғары жақтағылар ескеріп бар условиясын жасаса деймін.

 оригинал

 

Менім қызым Жарболсынова Мадина қаңтар айында приступ ұстап ауруханаға түсті, содан өт жолы толған және тасы тұрып қалған, содан екі-үш күн байқаймыз, одан болмаса тасын алып тастаймыз деді. Содан врачтардың өзі Құмарбек Думанұлына жіберді. Ол кісі бізді көріп дереу ем қабылдамаса болмайтынымызды айтты. Санаулы екі күнде қызым аяғын кетті. Құмарбек ініме алғысымызды айтам. Тілек білдіруші әкпең Мәрзипа.

 оригинал

 

Мен, Бидайбеков Бақыт інім Жораны Ойық ауылы, Талас ауданынан алып келдім. Мен, Құмарбек ағаны елдің айтуы бойынша апардым. Інімнің аузы-тамағы іріңдеп кеткен. Больницадан еш ем қонбады. Ешқандай тамақ іше алмай келді. Осы кісіге келген соң, өзін жақсы сезініп, тамақ іше бастады. Бұдан да ары көмегі тие береді деп ойлаймыз. Еміңіз қабыл болып, інім жақсы болса, одан артық ештеңе керек емес. Сізге семьямыздың атынан рахмет айтамыз. Көп-көп рахмет. Тілек білдіруші Бақыт.

 оригинал

Мен, Қабыкеев Алмаз, 1981 ж., Жарлысу ауылынан келдім. Мен өзім асқазаным, бауырым, бүйрегім, көк етім ауырып келдім. Құмарбек ағаға келдім майдың 10 күні өзіммен бірге туған жиенім Бақтияр інім де келді. Ол қысылып ауырып қалатын, есін білмей қалатын, ал енді жақсы болды. Оны 7 күн емдеді, одан кейін жақсы болып кетті. Рахмет Құмарбек ағаға мыңда бір рахмет айтамын. Өзім 10 күн емделдім, 2-3 күннен кейін жақсы бола бастадым. Ал 8, 9, 10 күні бұрынғыданда жақсы болдым. Құмарбек аға мені жақсы қарады. Ал енді сол кісіні көретін қалтасы қалың кісілер емделіп көрсе ғой шіркін. Құмарбек ағаға қол ұшын беріп, көмектесулеріңізді сұранамын, қалтасы қалың көкелерден. Құмарбек аға Алла жар болсын. Сізге айтар ризашылығымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сізге, семьяңызға үлкен бақыт, өмірде бар жақсылық тілеймін. Өзімнің атынан және семьямыздан үлкен рахмет айтамын.

 оригинал

Мен, Байқуанышов Әділбек Оңашұлы, өзімнің ризашылығымды шын ниетіммен айтқым келеді, Құмарбек Думанұлына. Бұл кісінің нағыз емші екеніне естір, біліп емес өзім бір жыл бұрын оң жауырыным қатты ауырып, шыдай алмай келгенмін, бірақ емді аяғына дейін алмай, екі-ақ күн келіп жақсы болып кеттім. Содан биыл тағы ауырып, оң жауырыным білегім қатты ауырғанда сөзбен айтып жеткізу қиын. Оң қолым ұйып қалды. Врачтардан емделіп 15 күн жүрдім. Болмаған соң қайтіп Құмарбекке келдім. Құдайға шүкір 10-де жақсы болып, айығып кеттім. Менің айтайым дегенім: жоғырадағы қолында билігі бар кісілер осы Құмарбек сияқты қазақтың біртуар емшілерін қолдап, осы емшілік дарынын халқы үшін жалғастыруына жағдай жасап берсе деймін. Біз қазақ халқы қадірлеу-құрметтеу қолдан клетін және ақындарды қолдан тай мінгізіп қадірлейміз. Сол сияқты адал да нағыз емшісін неге ойламаймыз. Мен қала басшыларынан осы кісіні қолдауын сұраймын!

 оригинал

Әліқұлқызы Кулсінхан.Мен Мерке ауданы Н-воскресеква колхоздан келдім. Ал Құмарбек қолың құтты болсын ойнама, емін шипа болсын, айығып кетейін. Алланың нұры жаусын, ризамын көп-көп рахмет айтамын, ем қонсын.

 оригинал

Сейтжанова Кәмшат.Мен Байзақ ауданы Жетібай ауылынан келіп, осы Құмарбек ағаға келіп емделдім. Менің тамағым ісіп келген етін, қазір міне тамағым өте жақсы. Құмарбек аға сізге көп-көп рахмет. Мен сізге мол табыс, еңбегіңіз жемісті болсын. Мен сіздің бұл еңбегіңізді ұмытпаймын. Маған еміңіз қонсын рахмет.

 оригинал

Мен, Үсенбаева Әлия, 1979 жылы туғанмын. Басым ауырып, жатып қалдым. Құмарбек ағаны естіп, осы кісіге көрінуге келдім. Бірінші күні көрінгеннен басым ауырғаны басылып, көзім шайдай ашылды. Он күн сеанс қабылдағаннан кейін ауруымнан құлан таза айықтым. Құмарбек ағаға көп рахмет. Алдағы уақытта еңбегі ағаның жана берсін. Денсаулығы мықты болсын, отбасы аман-есен болсын. Аға, сізге көп рахмет.

оригинал

Мен, Ахмедова Жыға. Оралманмын Тараз қаласына қарасты, саябақта тұрамыз. Мен енем Отаганова Күлсан асқазаны ауырып тамақ іше алмай, ішкенін қайтарып ауырды. Осы Құмарбекке келіп көрінгеннен кейін өте жақсы болды. Өзімде аллергия едім, емделіп жақсы болдым. Менің Құмарбекке айтар алғысым мәртебең биік болсын, Алланың нұры жаусын, бала-шағаңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз деп замандасыңыз Жыға.

 оригинал

 

Мен, Естаев Нұрлан Тұрысбекұлы, Тараз қаласында тұрамын. Балам Тұрысбек Ернұр асқазаны қорытпай ауырып 1 аптадай ауырып қалған еді. Құмарбек ағаға келдік. 1-інші күннен-ақ жақсы болды. Құмарбек ағаға үлкен рахметімді айтамын. Еңбекте табыс өмірде бақытты болыңыз. Қазір балам 3 курстан кейін өте жақсы болды. Құмарбек ағаға рахметтен басқа айтарым жоқ.

 оригинал

 

Мен, Тоқтыбайтегі Әуелбек ауыр аурумен келіп емделдім. Денемдегі ауру сырқауым тізеден жүре алмай қалғам. Осы кісінің емдеуімен толық 100% сауығып шықтым. Емшіге жанұямның атынан рахметімді айтамын. Еңбегіне ризамын.

 оригинал

Мен, Тараз тұрғыны Әбілдаев Жұмабек. Басым қатты ауырып, Құмарбек ағаға емделуге келдім. 10 күн емделіп, басым ауырғаны қойды. Оған қоса белімде ауырып, оныда қараттым, жақсы болдым. Көп рақмет.

 оригинал

 

Мен, Тараз қаласының тұрғыны Акназарова Майра. Менің қолыма тері жарасы шығып бір апта іріндеп, кетпей жүрді. Мен осы кісіні естіп, осы ағаға келдім, Мен Құмарбек ағаға ризамын. 3 күнде жазып берді. Көп рахмет Құмарбек ағаға.

 оригинал

 

Мен, Молдабекова Айнұр Қалдыбекқызы, с.Аса. Бірлесу-еңбек бөлімшесінің тұрғыны. Мен Құмарбек ағаны естіп, алдына келгенімде, ол кісі мені жақсы ілтипатпен қарсы алды. Ал менің басым ауырып, денемнің бәрі тастай болып жаурап, асқазаным ас қорытпай, шектерім қорылдап, ішім өтіп және кеуіп кететін, міне осындай ауруым мен келгенімде осы. Ол кісі маған 10 күнге ем берді. Содан мен емделіп тұрдым, бірте-бірте жеңіл болып өзімді басқаша сезінемін. Алғашқы 2-ші, 3-ші, 9-ші күндерге дейін ішім қатты өтті және кеуіп кететін күндер болды. Ал енді кеше 9-ші күнім еді, түнгі ұйқым жеңіл болып, өзімді жақсы сезіндім. Менің Құмарбек ағаға айтар алғысым өте мол. Құмарбек аға «қолыңызға дерт» бермесін, осындай үлкен де, атақты да «халық емшісі» болып жүре беріңіз. Отбасыңызға денсаулық, бақыт, амандық тілеймін. Құмарбек аға сізге көптен-көп рахмет.

оригинал

Мен, 27-разъездің тұрғынымын, Байқадамова. Менің тісім ауырып қоймай қойды. Сосын Құмарбек ағаға келдім, емдеді, тісім сен көр, мен көр аурудан айығып кеттім. Мен Құмарбек ағаға мол алғысымды айтамын. Еңбегіңіз жемісті болсын, әке-шешемінің атымен алғыс айтамыз.

 оригинал

 

Мен, Мамырбаева Рабиға Шамғыбайқызы, асқазаным ауырып, докторларға қаралып, неше түрлі дәрі-дәрмек ішіп, неше жыл жүрдім. Кейінгі кезде басым ауыратын болды. Содан кейін Жұқаев Құмарбек ағаны естіп, осы кісіге 10 күн емделдім. Бұрын дәрі ішпесем тұра-жүре алмайтынмын. Қазір жазылып, қуанып отырмын. Құмарбек ағама мыңда бір рахмет. Халықтың емшісі бола берсін!

 оригинал

 

Мен, Абдрахманов Нұрмаш, Крупская ауылында тұрамын. Осы Құмарбек ініміз теледидардан естіген едім. Сонан соң келдім. Менің тоқ ішектен су шығушы еді, бір жақтағы бетім ісіп кететін еді. Содан зар қиналып шығатын еді. Олда жақсы болды. Қазір 10 күн болды, бұл кісіге көп көп рахметімді айтамын. Больница бұлай емдеген жоқ еді, жақсы болдым. Көп рахмет.

 оригинал

 

Мен Тастөбе ауылының тұрғыны Сманова Әсел Абдасилқызы. Мен Құмарбек ағаны теледидардан естіген едім. Менің тамағым ауыратын, яғни онда без болған еді (зоб). Сосын Құмарбек ағаға келдім. Ол кісі мені 7 күн емдеді. Ол кісі және менің жағдайымды түсініп мені емдеді. Қазір ешқандай ауырмайды. Тамағым ашылып жақсы болдым. Мен бұл кісіге көп-көп рахмет айтамын. Бұл халық адамы болғандықтан өмір жасы ұзақ болсын. Алдына қиыншылық келмесін дегім келеді.

 оригинал

 

Мен Тараз қаласының Ақбұлым ауылының тұрғыны, Қыдыр Даргербекұлы. Мен Құмарбек ағаны өзімнің ағамнан естіп келген едім. Менің басым солқылдап ауыратын, түнде ұйқы жоқ, күндіз күлкі жоқ болды. Құмарбек ағаға екі күн келдім, екі күннен кейін мен қайта туылған болғандай жақсы болдым. Құмарбек аға сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат тілеймін. Рахмет сізге.

 оригинал

 

Мен, Есбулаев Темірхан, Асада тұрамын. Мына кісіге кегелі бері асқазаным жаман емес, денсаулығым жақсарды. Бұл кісіге мыңда бір рахмет. Құмеке сізге зор денсаулық тілеймін, ісіңіз алға баса берсін, өміріңіз ұзақ болсын. Сізге только рахмет деймін.

оригинал

Мен, Орынбекова Бағима Жуалы ауданы, Бауыржан селосынан келдім. Құмарбек ағаны естіп келдім. Себебі емші көп әсер мүлдем жоқ. Мұндай ағаға мыңда бір ризамын, неге десеңіз үлкен құдіретін көрдім. Өйткені өзінің айтқаны айтқандай болады, бұған қалай бас имейсің халқым. Мұндай адамды басқа көтеру керек. Өйткені менім денем жара болатын. Үш күнде жазып берді. Өйткені бармаған жерім болмады. Біз өз семьямыздың атынан мыңда бір рахмет айтамыз.

 оригинал

Мен, Мейржанова Зәмзәгүл, Жамбыл қаласы 7 микроаудан 15 үй 50 квартирада тұрамын. Қызым 9 жасар Гүлзат, 3 айлық кезден бері оң қолы, оң аяғы тырысып, жиі-жиі қысылып қала беруші еді. 7 күндік сеанстан кейін қысылып, селкілдеуін қойды. Қызым 15 жасар Гүлжан зәр жіберіп, төсекке сиіп қоюшы еді. Қазір төсекке таза ұйықтап, таза оянады. Гүлжан мен Гүлзаттың атынан, бүкіл семьямызбен Құмарбек Жұқаевқа ғұмыр жасы ұзақ болуын тілейміз. Сұранишевтер семьясы.

 оригинал

Мен, Мақпал совхозының тұрғыны Аязбаева Алмагүл. Өз өмірімнен түңіліп, тұруға, сөйлеуге шамам келмей жатқанда құрдасым Айткүл келіп, маған ақыл берді. Сен врачқа көрініп, анализ тапсыр направление ал деп. Сонымен 23 апрель күні облостной больницаға УЗИ-ге түстім. Менің өз басым сол ауырған жерлерімді толық нәтижесін көрмесем де, мен біткен екем деп бұл өмірден күдер үзгенмін. Осы Айткүл құрдасым болмағанда мен осы халге жетпейтін едім. Сен осы Сүлейменов көшесінде емші бар екен, соған қараласың ба деп маған ақыл беріп, таксимен осы емші Құмарбек кісіге 23 күні түстен кейін келіп кірдік. Бір емін қабылдасымен менің көзім ашылып, демімді еркін дем алдым. Мен бұл кісіге келгенде тек жүрегім ғана ауырмайды екен. Зәрге отыра алмайтынмын. Денем ісік, өз басымды алып жүре алмайтынмын. Тыныс жолдарым да өте ауыр, дем жетпейтін. Негізі келгенде 12 мүшемде ауырмайтын жерім жоқ, женский де ауыратын дәл қазір барлығы заңды. Мен бұл кісіге де құрдасыма ниеттес болған Айткүлге де айтар алғысым шексіз. Жазып жеткізе алмаспын. Құмарбек кісіге мың да бір рахмет. Бұл өмірден түңілген мен енді не жазарымды да білмей тұрмын. Осы халге жеткізген бірінші Құдайға, екінші құрдасым Айткүлге, емші Құмарбек кісіге көп-көп рахмет!!! Мен өз атымнан Құмарбек кісіге жағыңыз түспей, еш жаманшылық көрмеңіз, семьяңызбен бақытты да тәтті өмір сүріңіз демекпін!!!

 оригинал

Мен, Мамбетова Рая Байзақ ауылында тұрамын. Менің басым, бауырым ауыратын. Осы Құмарбек ағаны естіп, осы кісіге емделуге өз ниетіммен келдім. 1-ші күннен бастап өзімді жақсы сезіндім. 3 күннен кейін ауырған жерім, бауырымның бір тошкасы ауырғаны қойды. Асқазаным жақсы болып, ауқат іштім. Құмарбек ағаға үлкен рахметімді айта отырып, ол кісіге тілейтінім денсаулығы зор болсын, Құдай шипасы қылсын деймін, өмірі ұзақ жасаған жұмысы алға баса берсін. Көп-көп рахмет.

оригинал

Мен, Аязбаева Айсулу Оралқызы, осы Тараз қаласында тұрамын. Құмарбек ағаны телевизор арқылы көріп, ниет қылып келдім. Менің денсаулығым, яғни барлық жүрек, бүйрек, асқазан, бас, аяқ-қолым ұйып, ұйықтай алмайтынмын және қуығым зәрден қиналатынмын. Осы күнге дейін бармаған тәуібім де қалған жоқ. Құмарбек ағаға келгеннен кейін тәубама келіп барлығы жақсы болды. Құмарбек аға сізге айтар алғысым шексіз, сіздің еңбегіңізді ұмытпаймын. Құмарбек аға тек қана, алдыңыздан нұрлы аспан, денсаулыңығыз мықты болсын демекпін.

 оригинал

 

Мен, Тоғаева Айжан Мырзаханқызы, Тараз қаласында тұрамын. Мен бүйрек, асқазан, белім ауырып келдім. Құмарбек ағаны елдерден естіп келдім. Мен бұл кісіге келгелі асқазаным, белімнің ауырғаны қойды. Бұл кісіге айтар алғысым шексіз. Менімен қоса шешемде келді. Ол кісі Тоғаева Оразгүл Дүйсеқұлқызы, Амансай ауылынан келді. Ол кісі давлениямен 220-мен келіп еді. Қазір өте жақсы. Құмарбек аға сізге анам екеуміз ризашылығымызды білдіреміз. Отбасыңызға береке тілейміз.

 оригинал

 

Мен, Туғанбаева Гүлбахира осы Тараз қаласының Крупская көшесінің тұрғынымын. Мен 4 жастағы қызым Жанеркені іші өтіп, тоқтамаған соң, осы Құмарбек ағаның алдына келіп, үш күн ем алдық. Бірінші күннен бастап қызымның іші тоқтады. Мен Құмарбек ағаға алғысымды да айта отырып, бұл кісіге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін.

 оригинал

 

Мен, Алтынбаева Оралғайша, Қаратау қаласынан келдім. Келген себебім операциядан кейін 2 жылдай болды әлсізденіп, әртүрлі дәрілерді көп ішіп қойыппын, содан асқазаныма, іш құрлыстарға зиянын тигізіпті. Құлағым шулап тұратын. Содан жақында осы Құмарбек інішекті естіп келдім. 10 күн сеанс қабылдадым. Бірінші күннен бастап ем қатты әсерін тигізді. Дәрі қабылдамайтын болдым. Бұл кісінің емдеу қабілеті өте күшті екеніне өз көзім жетіп отыр. Бұл кісінің семьясына зор бақыт тілеймін, өзіне жасыңыз ұзақ болсын, халық үшін еткен еңбегіңіздің рақымына бөлене беріңіз, риза білдіріп, рахметімнің Сізге деген шегі жоқ.

 оригинал

 

Мен, Жұматаева Шолпан, балам Бауыржанды құлағынан бұлақ ағып, температурасы болып ауырған соң келген едім. Інім Құмарбек бірден емге кірісіп кетті. Аллаға көп шүкір, Құмарбектің арқасында құлан таза айығып кеттік. Құмарбек інімнің семьясы бақытты болсын, ауырмасын, наны көп, уайымы жоқ болсын. Сәлеммен Шолпан әкпең, баласы Бауыржан.

 оригинал

Мен, Жұматаев Әбділа Самбетұлы. Бұрыннан жүрегім ауыратын, қалтамнан дәрі тастамайтынмын. Жұмыстас кісі туралы осы Құрекеңмен таныс болдым. Содан он сеанс қабыл алып, қазір міне соңғысына келіп отырмын. Құдайға шүкір, міне осы кісінің арқасында жүректен жазылып отырмын. Мыңда бір рахметімді білдіремін. Құрекеңе сенсеңіздер қателеспейсіздер.

 оригинал

 

 

Мен, Юсупова Жәмила Жанысқызы, Жуалы ауданы, Қошқар ата ауылынан келіп отырмын. Өзім осы жылдың маусым айының соңында қатты ауырып, ауырғанда асқазаным ауырып келдім. Мен жұмыстан демалысымды алып больницаға жатамын деп келген болатынмын, қалаға келген соң Құмарбек ағаны естіп осы кісіге келдім. Келген күнім 27 маусым болатын. Ағаны көргеннен маған ұнағаны, бұл кісінің адалдығы жүрегінің ақтығы болды. Емі де маған ұнады. Қысқаша жазатын болсам ауырып келген мен басымды көтеріп жеңілденіп қалдым. Осындай кісілер, әсіресе Құмарбек ағадай ағаларыма айтарым жанұяда бақыт, ақ жолмен жүрген жолыңызға ақ жол, халқыңыздың қалаулы да аяулы ұлы бола беруіңізге шын жүректен тілектеспін. Біріншіден Құдайға, екіншіден өзіңізге сеніп келген сенімін ақ деп білем. Осы дәл бүгінгі заманда сіздей адал, таза адам жоқ оны бәріде біледі. Сол үшін де мен сізге сырымды да, жырымды да айтып берем. Мен сол күннен бастап өзімді ыңғайсыз сезіндім. Неге айттым екен, неге? неге? деумен болдым. Бірақ сіз мені түсініп ақыл айттыңыз. Рахмет, мен сол күннен бастап басымды көтеріп жеңілденіп қалдым. Сіздей жандар халық алдында адал да таза болса екен деймін. Бұл кісіге бізде көп болып бәріміз де көмектесуіміз керек. Жағдай жасауымыз керек. Сізге көп-көп-көп рахмет.

 оригинал

 

 

Мен, үлкен інімнің баласы Қарағандыдан келген болатын. Үйде жүрген кезде 2-3 күн температурасы көтеріп, баланың мазасы кетті. Дереу Құмарбек кісіге алып келдім. Ол кісі бұлақтан су алдырып, суға дем салып балаға ішкізді. Сіздерге өтірік болар, бірақ бізге шын, 1-2 сағаттың ішінде баланың қызуы басылып, ойнап кетті. Енді екінші інімнің баласы 5-ші июль жұма күні болатын, қатты ауырып Құмарбекке алып келсек, көз тиген екен. Баланы оқығаннан кейін үйге келгеннен кейін, жарты сағаттан кейін бала көзін ашып, ойнап кетті. Бұл кісіге отбасымызбен көп-көп рахметімізді айтамыз.

 оригинал

 

 

Мен, Есаманов Ерболат, Құлан ауданы, Тереңөзек ауылынанмын. Сәуірдің 23 күні қатты ауырып облыстық ауруханаға гострология бөліміне түстім. Содан 20 күн емделіп, мамырдың 12 күні шықтым. Үйден он күн ем қабылдадым. Кешікпей қайталап ауырдым. «Ел құлағы елу демекші» Жұқаев Құмарбек Думанұлын естіп жаныма шипа іздеп, осында келдім. Ол кісі мені жылы қабағымен қарсы алды. Маған аурухананың қойған диагнозын бетіме қарап тура қойды. Мен 30 күн ем қабылдадым. 1-ші он күндікте, қатты ауырдым. 2-ші он күндікте сәл бері қарай бастадым. 3-ші он күндікте ауырғаным қойды және денем жеңілдеп, ұйқым тыныш болды. Алдын ала айтқаны тура болды. Неше түрлі аурулар келіп, бірінші Құдайдың арқасы, екінші Құмарбектің арқасында ауруынан айығып, алғыстарын айтып жатты. Осының бәрін «көзбен көріп, құлақпен естіп жүрдім». Құмарбектің бір адалдығы жағдайға қарапта жатты. Құмарбектің жанұясына денсаулық, бақыт шын жүректен алғысымды айтқым келеді. Бір тілегім қолда бар алтынның қадыры жоқ демекші Құмарбекке өкіметтен жәрдем берсе, аяулы бауырымызға халық үшін жәрдем берсе. Алладан қайтсын жақсылық.

 оригинал

Мен, Примкулова Ләззат қала маңындағы совхоздан келдім. Өзіммен бірге қайын әпкемнің қызы, өз қызым ем қабылдадық. Бірінші Құдай, екінші Құмарбек ағаның арқасында жақсы болдық. Қыздардың біреуі энурез, екіншісі гайморит еді. Ем қабылдағаннан кейін жақсы болды. Ағаға көп рахмет айтамыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Балаларыңыздың рахатын көріңіз.

 оригинал

 

Мен, Нусегенова Баян осы қаланың тұрғынымын. Менің ауырған жерім шатымның арасындағы ісік без болатын. Соны көрсетпеген врач қалған жоқ. Соңында олар сахрн.заводтағы больницаға жіберді. Оған бармастан осы Құмарбек ағаға келдім. Құмарбек ағаға ризамын. Бұл кісінің адам таңдамай, қандай жаман-жақсы аурулар келіп жатыр, көріпте жүрмін, адамның ішіндегі айтатын сөзіңді өзіңнен бұрын біліп айтады. Адамгершілігі қандай кішіпейіл, бұл кісінің жақсылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Бірінші Құдайдан кейін Құмарбек ағадан 7 күнде сен көр мен көр ісікте безде жоқ болды. Адамға 1-ші сенім керек адам келгенде ақ ниетпен келу керек. Бұндай кісіні бұндай жерге неге қор қылмақ, неге бұл кісіні аспанға көтермейміз. Бұл кісіні қалайық қастерлеп неге еңбегін паш етпейміз. Қандай доктор болса дәл бұл кісідей 7-10 күнде ем қандай ауруды жаза алмайды. Бұл кісінің қасиеті кеспей тілмей емдеді менің 1 ауруым емес, 4-5 ауруым жазылды. 7 күнде: гиморой, басым, дене сырқады, эрозия. Құмарбек ағаға өмірдегі бар жықсылықты, Бақытты, дәулетті, қатарының алды болсын, дұшпандары жоқ болсын. Аңсаған арманына, халқымыздың қалаулы және аяулы халық емшісі болып жүре берсін демекпін, денсаулығыңыз мықты болсын.

 оригинал

Мен, Садықов Алмас, Тараз қаласының тұрғыны. Құмарбек ағаның алдына емделуге келдім. Емделуге келген себебім бала кезімде басымнан құлап, содан жарақат алғам. Содан болуы керек кейін көп ауырғанмын. Сөйтіп жүріп спортпен айналыса бастап кеттім. Қазір еркін күресіпен олимпиадалық резервтер мектебінде айналысамын. Содан бұрынғыдай емес ауырмай жүремін. Бірақ кейде сабақтан кейін үйге келгенде өзім қатты шаршап, әлім кетіп жүретінмін. Құмарбек ағаға келгелі бері шаршауды білмейтін адам сияқтымын. Бұрын 15 км кроссты қиналып жүгіретінмін, қазір 15 км ғана емес одан да көп жүгіруге күшім бар. Құмарбек ағаға үлкен ризащылығымды білдіремін.

 оригинал

 

 

Мен, Абдықұлова Гүлгүл, Құлан ауданы, Қорағалы совхозының тұрғынымын. Мен өз басымыздан өткен бар жоғы 9 ай ішіндегі осындай қиын кезегіндігі өткен оқиғаны баян еткім келеді. Екіншіден, өзіміз сияқты жол таппай адасып жүрген пенделерге үлгі болсын, ауру тәндерін қинамасын, шипа болар жерді тура тапсын демекпін. Менің туған сіңлім Бақыт биылғы жылы ноябрьдің 28-не таман Құлан ауданының хирургия бөлімшесіне түскен екен. Хирург врачтар инор бөлімшесіне жіберіп, сол инор бөлімшеде 1 ай толық сары ауыру деп емделді. Соңғы шығар уақытысы тоқталғанда екі аяқпен ісірген сіңілім төрт аяқпен, яғни столға отырғызып әрең машинаға салдық. Бұл ауруға не айтпақсыздар дегенде, тоқ етер диагноз қоя алмады. Қысқасы асқынған болмады дегендей, ең ақыры детский врачқа дейін қарап, қойған қорытынды осы болды. Мен бұл мамандардан мұндай деміс күткен емес едім. Алғашқы 1 күндік дәрісі 4 мың болды, 1 айғы дәріге кеткен ақшаны өздеріңізде есепке алсаңыздар болар еді. Кейінгі жағдай үйде болды. Докторлардан көңіл қалып, рухани жолмен емдеттім. Соның қорытындысын білу үшін Тараз қаласының химпоселек УЗИ-ге түсірдім. Бұл жерде өт жолы бекітілген, операцияға ұсынды. Оған өзіміз өз еркімізбен бас тарттық, әлді қандай болады деп. Содан ел арқылы осы қаланың тұрғыны Жұқаев Құмарбекті жолықтырып, осы кісіге тапсырдым. Емнің қалай жүргені ауру адамнан-ақ байқауға болады. Келгенде бұл адам адам емес, құбыжық қой деп қарсы алған. Ал енді 1 ай ем қабылдап, сіңілім құбыжық емес адам болып, үйге қайтқалы отырмыз. Ал қорытындылай отырып, жоғарғы орын басшылары, мұндай адам тағдырын өлімнен арашалап алып қалған, мұндай пендеге сіздер не жақсылық етпексіздер. Менің сіңілім екеуміздің сіздерден өтінішім, мұндай қамқоршы адамға жақсы құрмет етсеңіздер және де біз сияқты адасқан пенделерге, бұл кісінің атағын шығарып жоғары ұстап, халыққа айқын бетке ұстардай етсеңіздер демекпін. Ей-халқым: емнің шипа жолын тура табыңыздар. Рухани жолмен де емделе біліңіздер демекпін. Жұқаев Құмарбек сізге шексіз рахмет айтамыз.

 оригинал

Менің есімім Жанат. Тараз қаласында Крупская көшесінде, 48 үй, 16 пәтерде тұрамын. Қалалық балалар ауруханасында жұмыс істеймін. Мен Құмарбек Думанұлы жайында ойламаған жерден көршімнен естіп қалып едім. Содан қатты ниетім кетіп, келіп көрініп едім. Келген бойда, бұл кісі мені жақсы оң қабағыменен, жылы да сынайы сөздерімен қабылдады. Өзім қатты ниеттеніп келген едім, бұл кісінің жылы сөздерімен қарсы алғанына кейін ішім жылып, тура бір шипасын қабылдамай-ақ жазылып кеткендей көңілім жақсы болып қалды. Менің тұрмысымды, тіршілігімді сұрап бәрін біліп, әңгімелесіп, ой бөлісіп түсіндірді. Менің жағдайыма қарай, тіпті ауасыз емдейтінін айтты. Емделудің 3-ші күні менің бойымда өзгерістер бола бастады (басым айланып, денем сырқырап ауыратын) жеріме әсер берген болуы керек. Содан бастап қайтадан денем жеңілдеп, өзіме бір күш келгендей сезіндім. 10 күн емделдім. Соның арасында баламды да емдетіп алдым. Қаны аз, мұрнынан дем алуы нашар болып жүр еді. Менің Құмарбек Думанұлына айтарым: халқыңызға қалаулы азамат болып, осылай шипаңызды елге сіңіріп, көптің алғысына бөленіп жүре беріңіз. Көпшілікке істеген жақсылығыңыз әркез алдыңыздан шығып, Алланың нұры жаусын сізге! Сіздей, үлкен жүректі азаматқа, елді қабылдау үшін, үлкен сарай салдырып берсе де болады. Құдай оңдап, әруақтар қолдап ісіңіз алға баса берсін!

 оригинал

 

 

Мен, Имамбеков Тектес, 1983 жылы осы Тараз қаласында туылғанмын. 2002 жылдың соңғы айларынан бастап, менің басым қатты ауыратын болды, соның салдарынан температура да көтерілетін. Беттің мұрын бөлігі, ауыра бастады. Дәрігерлердің қойған диагнозы бойынша «екі жақты гайморит». Дәрігерлер маған мұрнымды тестіру методын ұсынды, бірақ мен олардың ұсынымен келісе қоймадым, себебі көптеген достарымның, таныстарымның айтуына қарағанда, тестірткеннен соң ішіндегі қуыстағы ірің қайталанады да, соның салдарынан қайтадан ауру дамиды. Жұқаев Құмарбек ағада емделген адамдардан естіп, мен осы кісіге келдім. Бұл кісіден мен 10 күн ем алдым, 2-3 күннен бастап емнің пайдасы көріне бастады: бастың, мұрын үстінің ауырғаны қойды. Мен мұндай емшілерге өз алғысымды айтамын, Құмарбек сияқты ағаларының халыққа, өзінің туған туыстарының ауруларын емделуге әбден себебім тигізудің, сол себепті Жұқаев Құмарбек Думанұлы сияқты халық емшілірі өз істерін адал атқаруда деп санаймын. Қазіргі нарық заманында мұндай емшілердің қолдауы аз, бұл кісілердің табатын пайдасы да аз, бірақ мәселе мұнда емес, мәселе халықты адал емдеуде. Мен Жұқаев Құмарбек ағама алғысымды айтамын және де менің алығысыма басқа да келген кісілер қосылады деп ойлаймын.

 оригинал

Мен, Мусин Әлібек, Жезқазаған қаласында тұрамын. Менімен бірге қызым Айжанда келді. Өзімнің басым қатты ауыратын, шыдауға болмайды, ол қызымның ішінен кейде ірің және қан өтетін. Біз келгенде Құмарбек жақсы қарсы алды. Мен бұл емші Құмарбектің өте жоғары қасиетті адам екенін Бурабай санаториясынан естідім. Менімен бірге орыс әйел жатты, сол кісі маған айтты. Менім алыстан келгенімді біліп қиналып қысылып, өз дәу үйім болса үйге апарар едім, деді. Мен өзім жер времянкада тұрам деді. Осындай асыл да биік бауырымды Тараздықтар көтермей отыр. Ең мыңнан бір қасиетті жердің баласы ғой. Айтайын дегенім менің басыма дәрігерлер табиғи ем керек деді. Оны қиатын адамды табу керек деді. Ондай адамдар келеді кем деді. Қазір өте қасиетті адамды табу қиын деді. Тапқан күндеде оның жауы көп болады деді дәрігерлер. Ал қызымды дәрігерлер өте ауыр сырқат тез емдемейді деді. Содан Құмарбек өзіне сенетін емші. Өйткені қалай айтты солай болды. Мені күніне екі рет, қызымды екі рет емдеді. Бес айғы бес күнде емдеп берді. Қызымның іші үш күнде сап қойды. Менің басым дәрі ішпеңіз деді. Өйткені сізге жанды Алла берді, Алла алады да, деп тік айтты. Өйткені Құмарбек тік қарағанда денем шымырлайды. Содан мен бірінші күні онша әсерді байқамадым, үйреніп қалған дәрімді ішпесем, өліп қалатын сықылдымын. Жоқ ішпедім, сонда да басым жәй ауырды. Екінші күні түстен кейін бір жағдай болды. Аға түс көресіз деді, маған дәу жылан көкірегіңізге отырады деді. Содан мен таң қалдым, ұйықтамауға тырыстым, көзім ілініп кетсе, енді көкірегіме мінген жыланды көрдім. Шошып ояндым. Содан басым сап қойды. Құмарбектің өте күшті емші екеніне көзім жетті. Міне, ауыз бірлік қайда болу керек. Осындай адамды алақанда ұстау керек. Біздің қазақты кен дейді, ол өз басына кен. Өйткені, тойы бітпейді. Ең керегі денсаулық. Мен Құмарбектен сұрадым, саған денсаулық жылына қандай көзқарас болды деп, ол емші емес пе күлді де қойды. Таза емші іштей дарын. Өйткені бәрін сезіп, көріп тұрады. Айналайын Құмарбек атынна саған зор денсаулық тілеймін. Балаңның қызығын көр. Өз жан ұлымның атынан рахметімді айтам.

 оригинал

 

 

Мен, Тараз қаласының тұрғыны Дулатбаева Қалдыбала. Менің қызым, мен, балам свинкамен ауырып келген кезде, осы Құмарбек ағаның шипалы қолымен, менің қызым мен балам жазылды. Біріншіден Құдайға, осындай кісіні дүниеге әкелген. Екіншіден Құмарбек ағаға ризамын. Құмарбек аға әрқашанда өзіңіздің емшілік қасиетіңізбен халықтың көзіне түсе беріңіз. Денсаулығыңыз мықты болсын.

 оригинал

 

 

Мен, Қуанышова Гаухар, Тараз қаласының тұрғынымын. Құмарбек ағаның емшілігіне риза болғанын жолдастарымның аузынан естіп келдім, келген күні ағаға жағдайым көтермейтінің айттым, ол кісі түсініп тегін ем жасауға келісті. 7 күн келдім, менің белім ауырып, түнде ұйықтай алмайтын едім. Осы кісінің емінің нәтижесінде беліме емінің шипасы әсер етті. Өзімді жақсы ақша үшін, байлық үшін емес, шын мәнісінде халқына шынайы махаббаты бар екеніне менің көзім жетті. Осындай кісілерге неге жағдай жасамаймыз. Неге жоғары жақтығылар орталықтан орын тауып, халыққа осы кісі арқылы емделуге көмек көрсетпейді. Құмарбек ағаның отбасына амандық тілеймін. «Халық емшісі» болып, халқыңызға шаршамай қызмет етуіңізге тілектеспін! Алланың нұры жаусын! Жасаған жақсылыңызға ризамын!

 оригинал

Мен, Тараз қаласының тұрғынымын. Аты-жөнім - Өміралиева Момынкүл. Мен Құмарбекті көгілдір экраннан көріп, сонан соң балам және немеремді алып келдім. Бұл кісінің емдік қасиетіне мен өзім сендім, себебі менің немеренің тамағы өте қатты ауыратын. Сол немерем қазір мороженое, суық сусындарды да ішіп жүр. Мен Құмарбекке шексіз алғысымды айтамын. Не көп тәуіп көп, бірақ мына кісіге сеніңіздер және де осы кісіге зор денсаулық тілеймін.

 оригинал

Мен, Байрамұқанова Нұржан, Құлан ауылының тұрғынымын. Мен март айында өтім қатты ауырып, Құмарбек ағаға келдім. Бірінші сеанстан ауырғаным қойды, қазір осы ағаның арқасында жақсы болдым. Мен Құмарбек ағаны ауылдан естіп келдім. Екі сеанс алдым, қазір өте жақсымын. Мен Құмарбек ағаға өте ризамын жәнеде көп алғысымды айтамын. Жәнеде зор денсаулық, ұзақ өмір, Алланың нұры жаусын, жасаған жақсылыңызға көп-көп рахмет.

оригинал

 

Оразбаева Гүлнар Нұрмаханбектқызы, Жамбыл ауданы, Шоқай ауылынанмын. Құмарбек ағаның емшілік жайын халықтан естіп, көңілім ауып емдеуге 2003 жылы 26 мамырынан бастап келдім. Тұмаудан кейін бас ауруым тоқтамай, мұрным бітіп, шекем солқылдағаны басылмады. Кунев атындағы лор клиникаға барып, қаралып, ренгенге түскенде «гайморит» деген диагноз қойып, «тесу керек, тазалау керек» деді. Құмарбек ағаның алдына келгем, мұрнымдағы аурулар қойып, өзімді жақсы сезіне бастадым. Сонан соң осындай аурумен мазасызданып жүретін 11 жасар Мәзімәр деген баламды да алып келдім. Екеуміз 5-7 сеанс ем алып, жақсы болып кеттік. Мұның өзі бұл кісінің Алла жаратқан ерекше қасиетінің арқасы. Алла сізге ұзақ өмір, талмас күш берсін. Алдыңызға келген әрбір адам сізден рухани байлық пен денсаулық, күш-қуат алып, өмірлері ұзақ болсын. Сізге Алланың рахымы жаусын! Адамдарға жағдай жасау үшін, Құмарбек ағаға жақсы мекеме қажет. Соған атсалысар қаржылы азаматтар табылар ма екен?!

оригинал

Мен, Мерке ауданынан келдім. Былтырғы 2002 жыл ноябрь айында ауырып, осы баланың алдына келген кезімде, мен Жамбылдағы сахзаводтың больницасында жатқанмын 1,5 ай. Еш қорытынды болған жоқ. Кездейсоқ құдашадан естіп, осы баланың алдына келдім. Алғашында қызым сүйеп әкелген. Алдына 2-ші рет келгенде, өзім бері қарадым. Содан қазір жақсымын, Құдайға шүкір өзімді жақсы сезінемін. Сол үшін Құмарбек балама айтар алғысым шексіз. Рахмет балаларының қызығын көрсін.

 оригинал

 

Мен, Кабекеева Базаркүл, Құлан ауданы, Жарлысу бөлімшесінен келіп отырмын. Ешкімнің жол сілтеуісіз телевизордан жарнамасын көріп, Құмарбек ініме сеніп келдім. Менің келуімнің себебі 1 жылдан астам уақыт болды бетіме жара пайда болып, мазь жақсам кетіп жүретін. Кейінгі кездері үдеп кетті. 5 май күні келіп, осы Құмарбек ініме көрсеттім. Ол кісі оқытылыңыз кеңес берді. Мен уколдан гөрі оқытылуды дұрыс көрдім. Міне, сол 5 май күні 1-ші оқу сеансын бастады. 1 күнде 2 рет оқытылып, 10 күндік сеансты 5 күнде бітіріп берді. Ауылға барған соң біртіндеп қайта бастады. Бірақ толығымен қайтты деп айта алмаймын. Өйткені менің алдымда әлі 2 сеанссы бар болатын. Сонымен 7 июль күні қайта бетімдегі жара толығымен жоқ болды. Қызарып орындары қалды. Ол қызарғандары да кететініне толық сенемін. Мен Құмарбек ініме өз атымнан және семьямның атынан рахметімді айтып, халыққа қызметінің, өз аңбегінің алға басуын Алладан сұраймын.

 оригинал

 

Мен, Артыкова Амангүл, Құлан ауданы Қорағайлы совхозы, 3-ші фермасынан келдім. 2003 жылы ақпан айында ауырып осы баламның алдына келдім. Мен Луговой ауданында больницада 4 күн реанимацияда жатқанмын, ешқандай көмек болмады. Мені адам болмайды деп шығарып жіберді. Ауылдың бір қызынан естіп, осы баланың алдына келдім. Алғашында балаларым сүйеп әкелген. Содан қазір жақсымын Құдайға шүкір, өзімді жақсы сезінемін. Сол үшін Құмарбек балама айтар алғысым шексіз. Рахмет балам өркенің өсіп, балаларыңның қызығын көр.

 оригинал

 

Мен, Естаев Нұрлан Турысбекұлы, Тараз қаласы, 4 пер, Сулейманова №2 үйде тұрамын. Менің белім ауырып, дем ала алмай, Құмарбек ағаға келдім. 3 күннің ішінде емдеп шығарды. Қазір өте жақсы болдым. Осы Құмарбек ағаға үлкен рахметімді айта отырып, ол кісіге жұмыста табыс, мол бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Құмарбек ағаға үлкен рахмет.

 оригинал

Мен, Әсетаев Аман, Қарағандыдан келдім. Өйткені туған шешемді алып келдім. Өледі деген жерінен, біз естіп осындай сырқаттарды ойланбай емдейді деп. Біз келсек Құмарбек жоқ екен, вызовқа кетіпті. Содан күтіп, 1 сағаттан соң келді. Жайымызды айттық, алыстан келген, ол сөзімізден бірден біліп қойды. Үш күнде жіберемін деді. Біз іштей таң қалдық, сөйтсек бұл кісіге осындай сырқаттар емдеу оңай екен. Қан қысымы жоғары сөйлемейді, қап-қара түтігіп кеткен болатын. Аузына су тамызып тұрғанбыз. Міне, құдіретті емші Құмарбек саған зор денсаулық тілеймін. Анамыз аттай болды. Шексіз ризамыз.

 оригинал

Мен, Абдикадиров Бауыржан Жақсылықұлы, Құмарбек ағаға рахметімді айтамын. Мені сағат 8-де операцияға жат деген күні, Құмарбек ағаға келгенін біліп, осында келіп қаралып, жақсы болып, жазылдым грижадан құтылдым.

оригинал

 

Мен, Опорный селосының тұрғыны Ержановтар әулетінің атынан Құмарбек ініме шексіз алғысымды айтамын. Бұл жігіт біздің елдің көптеген сырқаттарының сауабына қалды. Өзім бауырым, бүйрегім, жүрегім, оның үстіне давление болып, 1-2 ай бойы ауруханада емделдім. Есімім Оңай, Құмарбекке 10 күн емделіп, давлениеге дәрі ішуді сол күні тоқтаттым, жүрегім шаншуын қойып, біраз жеңілдедім, емі шипа болды. Құмарбекке Алланың берген қасиетіне бас иемін және екі баламды емдеттім, бауыры, бүйректері ауыратын. Бәріде жақсы болды. Құмарбек біздің ауылға жиі келіп тұрса екен. Деніңе саулық, отбасыңа аманшылық тілеймін, халыққа қызмет етуге, Алла ұзақ ғұмыр берсін. Т/б Нұралиева Оңай.

оригинал

 

Біз Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосының тұрғыны Достлеуов Сисенжанұясынан Құмарбек ағаға алғысымыз шексіз. Мен өзім басым ауырып жата беретінмін және тез шаршап, тез терлеп жүретінмін, және жауырыным қозғалтпай ауыратын еді. Құмарбек ағаға 4-5 емін алғаннан кейін жақсы бола бастадым. Менің інім, яғни папамның қарындасының баласы Рашит бет-аузы түгел үсті ісіп келіп еді, бірінші емін алғаннан кейін-ақ өзгерістер біліне бастады. Түнде ұйықтамай, қызулайтын еді. 1-ші емінен кейін жақсы ұйықтап, ісігі басылды. Менің сіңілерім Балжан, Айгерім, Гүлдана да қаралды. Папам мен мамамда қаралып жақсы болып кетті. Мамам бірнеше рет больницаға давление, зоб болып қаралған еді. Балжан сіңілімде бірнеше рет больницаға жатып емделді, бірақ тамаққа тәбеті жоқ, әлсіз, тез шаршайтын еді. Қазір Құмарбек ағағаның емінен кейін жақсы тамақтанып, жақсы болып кетті. Папамның жүрегі әлсіз еді, қазір өзін жақсы сезініп, жеңілдегендей болып жүрмін дейді. Құмарбек ағаға көп-көп рахмет айта отырып, Алланың сізге берген қуаты халыққа ем болып, қала берсін. Жанұяңызға бақыт, денсаулық тілейміз. Бала-шағаңыздың қызығын көріп, халықтың алғысын алып, халық үшін еңбек етіп жүре беріңіз. Біздің ауылға келіп тұрыңыз. Достлеуова Айгүл Сисенқызы.

оригинал

Мен, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының азаматы Зұлқарнайұлы Бақтығұмар осы елбаласы Құмарбек Думанұлының алдына 2006 жылдың наурыз айында келіп, 7 күн ем алдым. Негізгі келген сырқатым 2 жылдай құлағымның естуі нашарлап керең болып қала жаздап келдім. Дәрігерлер зерттеп күшейткіш алуға ғана кеңес берді. Бұл жігіттің 7 сеансын алып еліме кеттім. Құлағымның қай күні жазылғанын да байқамай қалдым. Балаларым, басқа айналамдағылар бұрынғыша айқайлап сөйлей бергесін, әйтеуір оларға ренжіп, неге сонша айқайлайсыңдар деп ұрсып тастағанда барып сездім. Содан бері құлақтан жазылдым. Аттас інім көп-көп рахмет. Құдай жар болып, алтын шипалы қолыңның қасиеті халыққа ем бола берсін, халықтың бата тілегі өзіңе, жанұяңа, ұлыңа дарысын! Өмірің, болашағың жарқырай берсін, қуанышта, барлықта, байлықта, өмір сүре беріңдер!

оригинал

 

 

 

Мен, Кенжекейқызы Рахия, сонау Орал облысы, ядролық сынақ аймағы, Нарын құмынан Құмарбек Думанұлының атын естіп келдім. Жақсы адамның аты өлмейді деген ғой. Бұл кісінің де аты шар тарапқа таралып, сол бойынша алдына емделуге келдім. Зейнеткер ұстаз жүйкем тозып, асқазан, бүйрек, қуық сияқты жерлер сыр беріп, емделдім. 5 күн болдым. Өзімді жеңіл сезініп, дыңылдап сауығып қалдым. Әлі де балаларым бар емделетін, алдына алып келсем деген ойым бар... Жанымда үлкен қызым, ұлым алып қатты шошынған, қорқып, үркелектей беретін еді. Құмарбек ағасының шипалы алақанының арқасында ол дерттен арылды. Сәтті, жылы алақан отбасыңызға аманшылық тілеймін.

 оригинал

 

 

 

Мен, Мұқатайқызы Кенім, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен аулынан келдім. Аулымызда Бақыт атты келіншектен Құмарбек емші туралы естіп, Алматыға келгелі жүргем. Кенеттен 22 қаңтарда қызым Құралай қатты ауырып Таразға бардық. Тараздағы облыстық диагностикалық орталықта тексеріліп нәтижесі жақсы емес екендігін айтты. Сонымен аялдамай емші Құмарбекке келдік. Қызымның жағдайы өте нашар еді. 4 сеанстан кейін емшінің айтқаны, қойған диагнозі келіп, қызымның жағдайы жақсарды. Менің Құмарбекке риза болғаным сонша, оның ауруды аялап, қабылдағаны, ақ көңілді, ақжарқындылығы. Менің Құмарбек емшіге ризашылығым шексіз. Жанұясына үлкен бақыт тілеймін.

 оригинал

 

Мен, Жұмабекова Айбүбі. Бұл Құмарбек емшіні бірінші рет 2006 жылы бауырым Нұрбол қатты науқастанып, жанымыз қиналып жүргенде газеттен оқып, осы кісіге емделуге Нұрболды Шымкент қаласынан шақырып алдым. Алғаш келгенде жағдайы өте ауыр еді, алғашқы 10 күн емдегенде беті бері қарап, екінші келгенде жағдайы мүлде жақсарып, біздің көңіл-күйіміз орнына келіп, бірінші Аллаға осы кісіні жолықтырған рахметімізді жаудырып, екінші тілейтініміз аузын ашса жүрегі көрінген ақ жүрек, адал халықтың маңдайына жарқырап туылған емшіміз Құреке үлкен үлкен рахметімізді айтып, осы кісіге Алланың нұры жаусын, соның шапағаты мүсәпір болып алдына барған біздер сияқты халыққа жаусын деп тілейміз. Үшінші рет келгенде Нұрболымыз жазылды деп қуанып отырмыз. Екінші үлкен қызым Назгүл бірнеше жылдан бері гайморит деген ауру, сонымен бірге ылғи антибиотиктерді сала бере денсаулығы өте нашарлап, ангина дегендермен ауырып, мазасы болмай жүрген. Бұл қызды да емдеп сауықтырды. Қазір дәрі ішпейді, денсаулығы жақсарып, көңіл-күйі жақсы. Біз бүкіл әулетімізбен Құмарбек емшіге тілейтініміз жұлдызы жарқырап, мерейі үстем болып, халқымыздың қуанышы, мақтанышы, өзі емдеп жазған адамдарды сауабы тиіп, бақытты болсын, ұлдың қызығын көрсін.

 оригинал

 

 

 

 

 

Мен, Жұмабеков Нұрбол, ОҚО Шымкет қаласынан келдім. Жоғарыда әпкем Айбүбі айтқандай менің халім 2006 жылдың ақпан айында ауыр еді. Егер осы Құмарбек ағам болмағанда, мен осы дүниеде болар ма едім, ол бір Аллаға белгілі? Мен Шымкентте бауырым, асқазан жолдары, тік ішек жолдары ауырып, басым ауырып больницаға түстім. Ол әрекеттен ештеңе шықпады. Менің қасымда бір палатада Ербол деген жігіт жатты, оның науқастары менікімен ұқсас келетін. Бізді больницадан «біз бұдан басқа көмектесе алмаймыз» деп шығарып салды. Сөйтіп Ербол өз жолымен басқа емделу жолдарын іздеп кетті, мені «Алла Тағалама рахмет» Құмарбек ағаның алдына алып келді. Қазір бір жылдан бері 4-ші рет ем қабылдап, ойнап-күліп жүрмін. Айтатын бір жай, менің қасымдағы Ербол деген жігіт, уақтылы Құмарбек ағаның алдына келе алмады, келгенде менің күмәнім жоқ, ол жазылып кететін еді. Мен Құмарбек ағадан адамды адам деп түсінуді, адамдарға көмектесуді үйрендім. Менің алғысым шексіз үлкен сізге, Құдайым өзі сақтасын сізді.

 оригинал

 

 

Мен, Амангельдина Нұргүл Әмірғалиқызы, Қостанай облысы, Арқалық ауданынан келдім. Мен Құмарбек Жұқаев Думанұлын газеттен оқып біліп, осы кісінің алдына келіп қаралуға көңілім ауды. Былтыр, яғни 2006 жылы қыс айынан бастап зоб ауыруына шалдықтым. Шыны керек больницаға барып, пышақ астына түсуге қорықтым. Өзім больницадан көрі қазақи емге қаралғанды жақсы көремін. Міне келіп қаралып, ем қабылдағалы 2 күн болды, яғни 4 сеанс. Қазір өзімді еркін, жеңіл сезініп жүрмін. Құмарбек ағаның маған емдеу тәсілі өте ұнайды. Себебі, ол кісі дәрісіз, уколсыз, пышақсыз, тек қана қолымен емдейді. Маған 1 сенаста-ақ емнің әсер еткені сәтте мойным ысып, бір түрлі болып кеттім. Көзімді бір ашып-жұмып жатып, емнен кейін ілезде ұйықтап кетіппін. Енді 3 күн, яғни 6 сеансым бар. Мен жазылатыныма сенімдімін. Құмарбек аға, сізге көп-көп рахмет. Барлық айтылған тілектермен, алғыстар періштенің құлағына шалынсын. Әр арайлап атқан таңдарыңыз бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін. Денсаулығыңыз мықты болып, өмір жасыңыз ұзақ болсын.

Менімен бірге анам Амангельдина Мархума және ағам Амангельдин Тойшыбек Әбілхайырұлыда келген болатын. Оларда 1 күннен 4 сеанс алды. Өздерінің жеңілденіп, ауруларының қайтқанын айты. Ағамыз асқазанынан, анам қанның дұрыс айналмауынан қарайды. Құмарбек ағаны өз көзімізбен көріп, қолынан ем алғанымызға біз бақыттымыз. Ол кісіге алғысымызды білдіріп, жұмысына табыс тілейміз. Өмірде армандаған барлық арман, мақсаттарыңыздың орындалуына шын жүректен тілектеспіз. Алла Тағала қолыңызға дерт бермей, еміңіз шипа болсын. Рахмет.

 оригинал

 

 

 

 

Мен, Артыкова Жамила Құдайбергенқызы, Жамбыл облысы, Отар селосынан келдім. Менің шешем қатты ауырып осы кісінің арқасында қазір шапқылап жүр. Осыдан кейін балам ауырып, осы кісінің алдынан жақсы болды. Баламның талып, судыргісі ұстап, аузынан көбік ағып жатып қалатын біраз уақытқа дейін. Осындай таң қаларлық құбылыстың бар екендігіне кейбір шұбә келтіретін, бірақ біз көзімізбен көріп, қолымызбен ұстағандай болып отырмыз. Үйткеннің себебім шешемнің ауылында көршісі бар еді. Сол кісінің туған сіңілісі ауыр қалған болатын. Адам айтқызсыз болатын, яғни сап сары болып ісіп жүре алмай қалған жеріне келген болатын. Сол кісінің осы аға бір айдың ішінде емдеп шығарды. Адам айтса таң қалатын нәрсе болды. Яғни екі мұрнының тесігіне үлкен ақ ұзын құрт, сол-ақ екен жазылып кетті, биыл 5-ші жыл болды шауып жүр. Міне халқым мұндай көрдіңіздер ме? Бірақ бұл болған оқиға. Сізге шексіз рахмет.

 оригинал

Тұрсынбала әкпеңнің тілектес толғауы!

 

Құмарбек жаның жайсаң бала екенсің,

Қасиетті жұмсақ қолмен әкпеңді емдеп жатсың,

Сыпайы, сыр мінезіңмен қабылдағаның

Аурудан бұрын, көңілімді көтеріп жастағаның.

 

Емдік қасиетті бойыңа берген Алла,

Қадірлеп ол қасиетті адал ұста,

Көмек сұрап аурулар келіп жатса,

Оянба қалқан, көмектесудің қамын жаса.

 

Атаққа, байлыққа құмар болма,

Алла өзі келтіреді бәрін сонда,

Бойыңдағы қасиеттің құдіретіне,

Сеніп, сыйынып қолдана бер қашанда.

 

Жаны ауырған адамдарды түсінесің,

Қалтасы жая-ақ адамдар бар оны сен білесің,

Барына, байлығына қарамастан,

Еміңді беріп қолыңнан келгенін аямассың.

 

Мен әкпең көпті көрген анаңдаймын,

Достықпен, сыйластықпен ақылымды аямаймын,

Бұйырған тұз-дәмің еш жаққа кете қоймас,

Ол баста Аллаң жарылқап сыйлап берген қасиетің.

 

Қарапайым, қайырымды кішік болшы,

Халқың сүйген атақты емші болшы,

Ауруына ем алған адамдардың,

Тілегі қабыл болып, атақты емші сыйлы ұлы болшы.

 

Бата: Бақ беріп бәледен сақтасын,

Абырой беріп аман сақтасын,

Семьяң ұлды-қызды өсіп өнсін,

Бойыңдағы қасиетің баянды болып,

Өзіңе өмір-бойы нәсіп қылсын.

Осымен берген батам тілегім. Қабыл болсын!

Әумин!

18.12.2007 ж.

 

 оригинал

Мен, Шарипа Отарғалиқызы, Атырау қаласының тұрғынымын. Құмарбек Думанұлын Рахат телеарнасынан көріп, ойланбастан осы кісіге келіп емделгім келді, өйткені сөйлеген сөздерін тыңдап, айтқан әңгімесінен өз-өзіне өте сенімді емші екенін білдім. Сөйтіп мен 2009 жылы 24 ақпан күні Құмарбек Думанұлына келдім. Өте жылы жүзді, адамгершілігі мол, жұмысына адал азамат емші екен. Дертіне шипа іздеп барған адамдардың бәрін айналайын, жаным-ау деп қарсылап, шығарып салады. Тіпті балаларды, пенсионерлерді, жағдайы жоқ адамдарды ақысыз емдеп жатқаныңызды мен өз көзіммен көріп отырмын. Бұл да Алланың берген сізге бағы бір қасиеті деп түсіндім.

Мен Құмарбек Думанұлына: бауыр, бүйрек, бел, әйел ауруы, қан құрамында витаминдер жетіспеуі, гемоглабин 79 болып, ұйқы безі, нерв жүйке, асқазан, өт жолдары, тері қышуы, аяқ-қол сырқырауы ауруларымен келіп едім, дәл осылай айтып берді. Бұл ауруларды емдеу үшін 10 күннен 2 курс алатынымды айтты. Қазір 1 курсым бітуге 1 күн қалды. Құдайға шүкір түнде тыныш ұйықтайтын болдым, 1 жыл жарымнан бері түнде ұйықтай алмайтын едім, маза бермейтін ауруларымды жұлып алып тастағандай, көңіл-күйім өте жақсы. Мен осындай кеудесінде, жүрегінде Алла берген нұры бар Құмарбек Думанұлы емшіні кездестіргеніме, тапқаныма қуанышым шексіз. Сізге үлкен рахметімлі айтамын. Алдыңызға шипа іздеп келген көпшіліктің алғысы, тілегі періштенің құлағына шалынып, жәледен, тіл-көзден аман сақтасын деп тілеймін! Сізге Алланың нұры жаусын!

9.03.2009 ж.

 оригинал

 

Алғыс хат

 

Менің қолыма қалам алып, осы алғыс хатты жазуымның басты себебі, Құмарбек емшінің менің 80-ге келген анам мен өзімді емдеп, аурудан айықтырғаны еді.

Анамның асқазаны бір жарым жылдай ауырып, тамақ іше алмай жүретін, ішкен күнде қайтарып құсатын еді. Құмарбекке келіп бес күн ем қабылдағаннан соң тамағынан нәр өтіп, беті бері қарады. Ал екі сеанстан соң науқасынан таза айығып кетті. Қазір өз аяғымен Өзбекстанға, Шымкент пен Қызылордаға қыдырып барып-келіп жүр.

Шешемнің айтуы бойынша мен де осы ғаламат күш-құдірет иесі бар Құмарбекке келдім.Менің анда-санда бүйрегім ауырып, аяқ-қолым ұйып, түнде ұйықтай алмайтынмын. Және ішім өтіп, қуық жолы бітеліп, зәр жүрмей қалатын. Әсіресе жол жүргенде қатты қиналатынмын. Ол аз десеңіз, 1999 жылдан бері сусамыр (қант диабеті) деген ауруға шалдыққанмын. Қан құрамындағы қанттың көбеюі 11,8%, денедегі қанның қоюланып (ИБС), жүрек ауруына әкеп соғуы...

Осы інімнен жеті айдың ішінде үш кезең ем қабылдап, сырқатымнан айықтым. Құмарбектің айтуынша, ауруының негізгі себебі – жүйкенің шаршауы мен өттің жақсы жұмыс істемеуі, денедегі қанның қатып қалып дұрыс айналмауынан екен. Бүгінгі таңда осылардың бәрінен құлан-таза жазылдым. Қазір сегіз ай болды дәрі ішпеймін. Қанның құрамындағы қант 7%-ке түсті. Іштің ауырғаны қойды. Зәр жолы ем алып болғаннан екі сағаттан соң жүріп кетті.

Ал енді, менің бір әріптесімнің аллергиясына еш жерде ем табылмай жүр еді, Құмарбек бауырым оның дертін де құлан-таза жазып берді.

 

Мен енді Құмарбек емшінің ауруды қандай түрлерін емдейтінін сіздерге төмендегі жыр тіркестері арқылы жеткізгім келеді:

 

Бәрін де бастан түсіндіріп айтайын,

Көргеннен соң кереметін Құмарбектей інінің

Сөзі жылы, емі жақсы иотокты қолының,

Кеспей, теспей ем жасайды ол асырып білімін.

 

Аурудың көп қой халқым түрлері,

Бас ауру, суық тиген бронхит,

Тіс ауру, ісік, ірің, мұрындағы гайморит,

Бүйрек, бауыр, өттегі тас, бастағы франтит.

 

Асқазанға ас тұрмай, қан өтуі тағы бар,

Жүрек, тік ішектің әлсіздігі геморрой

Зәр жүрмеу, әйел-еркек сырқаты,

Остиомиелит немесе сүйек шіруі.

 

Тілден қалу, елерме, шошынып ояну,

Радикулит, белдің шойырылуы

Көз тиген, жара, тілденген әрі ангина,

Осылардың бәрін емдеп Құмарбек інім жатады.

 

Егер керек болса, әртүрлі аурудан емделген адамдардың Құмарбекке жазған алғыстарынан үзінді келтіруге болады. Жазылған кісілерді куәге тартуға да болады. Соның бірі менмін.

Өмірзақ Базарбай Тасқараұлы, Қызылорда қаласы.

 оригинал

 

Құрметті емделуші бауырларым!

 

«Тылсым күш иегері – емші» халықтың басына қонған бағы, халқы үшін адал, маңдай терін төгіп, Алланың берген бойында,ы қасиетімен нұрымен, дертке шипа беріп жатырған, құрбым Құмарбек Думанұлына, айтар алғысым шексіз. Осындай ұлды өмірге келтірген бірінші Алла Тағала, қалды Ата-Анасына да, мың да бір рахмет, басымды иемін.

Мен, Ақбаев Батырбек Өмірәліұлы, 12 жылдан бері жүйке ауруымен науқас едім. Екі рет операция жасаттым, жылына бір-екі рет ауруханада жатамын десе де болады. Еш көмегі болған жоқ. Түнде ұйқы, күндіз күлкіден қалдым десе де болады. Тек ауыртпайтын дәрінің көмегімен жүрдім. Ал енді мінеки Құмарбек інімнің бірінші емінен кейін ұйықтайтыным болды, яғни жақсы ұйықтап шықтым. Міне бүгін бесінші күн, науқасым 70% жеңілдеді, дәрі ішпегеніме бесінші күн. Құмарбек ізетті, ақ көңіл, жайдары науқастармен өзара тідеседі өте жақсы. Мен бұл аурудан өмірі жазылмайтын шығармын деп ойлаушы едім, ал енді мінеки ойым 1800 өзгерді. Құмарбекке тілейтінім, жанұясы аман-есен, дендері сау болсын. Құдайдың рахымына дарып, Алланың нұры жаусын. Іскер жігіттер, қалталы азаматтар ішінен Құмарбектің жұмысы бұдан әрі жақсара беру үшін қол ұшын берсе аманыңқ нұры жауып, Қыдыр дарып бизнесте жасы бола беруіне тілектес болар едік.

 оригинал

 

Мен, Махамбетқұлов Бексұлтан оң ыйығыма суық тиіп, қолым көтерілмей қалды. Біраз дәрігерлерге емделіп жазылмады. Құмарбек емшіні естіп келіп, бірінші сеанстан кейін қолымның ауырғаны қойып, ұйқым тынышталды. Қазір жаным рахметіне Құмарбекке Құдай денсаулық берсін.

оригинал

 

Мен, Асанова Майра, Хромтау қаласынан келдім. Осы Құмарбек ағаны Қызылжар қаласынан естідім. Өйткені өзім ауырамын. Ауырмайтын жерім жоқ, себебі өзімді өзім білмеймін. Дәрігерге барсам дәрі не болмаса, укол береді, ешқандай пайда жоқ. Сіздің сырқатыңыз бір жерде деді. Сол жақтан іздеу керек деді. Оны білетін адам кемде кем деді. Айтқаны тура болды. Бәрі термен құсық және аяқ-қолыңыз аурумен шипалы деді. Ой Құмарбек рахмет еміне жаным, Алланың бір туар ұлы екенсің. Сендей жанды төбеде ұстау керек. Саған дворец салдыру керек. Біз сияқты алыстан келген адамдарға жататын жер қиын екен. Сол жағы болса, емнен қаратылатын жағдай жасау екен. Саған мыңда бір рахмет. Емің елге қапа берсін.

 оригинал

 

Мен, Смагулов Мұрат осы Тараз қаласында тұрамын. Менің Құмарбек ағама келу себебім: аяқ-қолым қақсап ауырғанда түнде ұйқы жоқ, күндіз отырайын не болмаса, тұрайын аяқ-қолымды құрт жегендей қақсайтын. Әйелім жүр апарайын дегенде шыны керек сенбедім, кері тарттым, күндердің күнінде ниетім ауып өз еркіммен келдім. Содан үшінші күні азанда тұрсам, өмірімде еш уақытта аяқ-қолым қақсап ауырған адамға еш ұқсамаймын. 10 күн ем қабылдадым. 20 жыл бойы жеген науқасымнан 3 күн дегенде құтқарған Құмарбек ағама алғысым шексіз, жалғыз мен емес жанұямызбен қуанып жатырмыз. Бұл кісіге деген інілік көмек көрсетуге әрқашанда әзірмін. Сізге, отбасыңызға тек жақсылық тілеймін. Халқыңыз сізді құрметтеп, халыққа адал еңбегіңізді көрсете беруіңізге тілектеспіз.

оригинал

Мен, Оспанов Мұхит Нәкенұлы, Құлан аулында тұрамын. Менің қайын ежемді өлім аузынан алып қалды осы Құмарбек аға. Өйткені осыдан 1 жыл бұрын больницадан шығарған енемді тік аяғынан үш күнде тұрғызды. Күзетіп отырған болтынбыз, аузына су тамызып, высокий давление болатын, содан қап-қара болып тілі байланып сөйлемей жатып қалған. Содан пенде емеспізбе, шынымды айтсам қорқып қалғанбыз қайтадан болып қалама деп. Жоқ екен шауып жүр, өйткені ол сырқатты ұмытты. Құдіретті Құмарбек емшінің арқасында мыңда бір рахмет. Балаңыздың қызығын көріңіз.

 оригинал

 

Мен, Базарбай Тасқараұлы және Ақынбек Әлібеков екеуміз, сонау Сыр өңірі, Қызылорда қаласынан 2003 жылдың қыркүйек айында осы Тараз қаласында емші бар деген соң іздеп, келген едік. Содан бері Құмарбек ініме емделіп, жақсы айығып, тәуір болып кеттік. Менің өз басым бірнеше науқастың түрімен ауырып жүрген болатынмын (олар сусамыр, өт, жүйке), денедегі қанның құрамының қоюлануы, қанттың көбеюі (11,8). Іштің анда-санда өтуі. Міне осылар үш рет келіп көрінгеннен соң тәуір болды. Қазір денсаулығым жақсы. Қандағы қант құрамы 7-ге түсті. Ақанда жақсы болып кетті. Қазір көңіл-күйі жақсы. Мен және Ақан екеуміз Құмарбек ініме көп-көп алғыс айтамыз. Алланың нұры жаусын. Бала-шағасының алдында аман есен, денсаулығы мықты, зор болып жүре берсін.

 оригинал

 

 

Мен, Мадиева Айсұлу Тұрдалиевна. Өзбекстан Республикасы, Учкудук район, г.Учкудук, 13м-3д-38 кв тұрғынымын. Мен шешемді осы Құмарбек ағаға сеніп, әкелдім. Шешемнің жақсы болып, ем қонуына қуанамын, мақтаныш етем. Құмарбек аға! Сізге тілейтінім деніңіз сау, өміріңіз ұзақ, бала-шағаңыздың қызығын көріп, халықтың қалаулысы, елдің емшісі, бір сарайдың иесі болуыңызға тілектеспін. Шешемді жақсы, аттай етіп жіберуіңізді өтінемін деп ұзақтағы қарындасыңыз Айсұлу. Шексіз рахмет айта, қолыңыз елге шипалы бола берсін демекпін.

 оригинал

 

 

Құрметті Құмарбек. Бізді ақ ниетіңізбен қарсы алғаныңызға көп-көп рахмет айтқым келеді. Немерем Сейілұлы Асқат атасы Сұрысбайұлы Орынбасар есіміңізді естіп, Луговой ауданынан Жамбыл облысынан келіп ем қабылдады. Бір жұма сұр қолымыздан жақсы болып, қуанышымыз қойнымызға сыймай, ауылға қайттық. Жасыңыз ұзақ болсын, болашағыңыздың игілігін көріңіз! Сіздей азамат халыққа берген жақсылығы естен кетпейді.

оригинал

Мен, Махашева Гүлшат, Сарысу ауданы, Жайылма совхозына қарасты ауылдан келдім. Мен дәрігерлерге қаралып, әртүрлі диагноз берген болатын. Олар: колпит, сальфингоофорит, острый, хранический колпит т.б. Дәрі, уколдарды көп қабылдадым. Кей кезде қатты ауыратыным соншалық, приступ беріп, жүре алмай қаламын. Ел аузынан, осы Жұқаев Құмарбек Думанұлынан ем алып, жазылып кеткен кісілерден естіп, осында Тараз қаласына келдім. Бүгін менің 7 сеанс алатын кезім. Көңіл күйім сергек, жүрегім де бір қуаныш оты лаулайды. Менің бір қызым бар, ол қазір 7 жаста, сол қызымнан кейін көтерген емеспін, ешқандай сақтану шаралары болған емес. Алда осы Құмарбек ағаның емі шипа болса деп тілеймін. Өз көзіммен талай адамдардың жазылып жатқанында көріп отырмын. Алдағы уақытта Құмарбек ағаның шығармашылық жұмысы өсе берсін, халқының адал ұлы болып, мәртебесі өрлеп, тек халқынан алғыс сезімдерін алып, бала-шағасының бақытын, еңбегінің жемісін көрсін демекпін! Халық арасынан шыққан депутаттар неге халық мұңын айтып, условиесі жақсы мекен-жай салып, халық алғысын алмасқа! Тіпті шалғайдан келген адамдарға, азаматтарға жеңіл болар еді.

Құмарбек аға! Өмірде тек жақсылықпен кездескенше, Алланың сізге нұры жаусын! Жанұямызбен сізге алғысымызды айтамыз!

 оригинал

 

Мен, Бекпатшаева Гауһар Алтынпашқызы, Т.Рысқұлов ауданынан келдім. Осы Тараз қаласына келіп Құмарбек аға тұратынын естіп. Анам Орынкүл алып бардым. Ол кісі осы Құмарбек ағадан ем қабылдап ауыруын жеңіл сезінді. Құмарбек аға сізге, отбасыңызға үлкен қуаныш, Алланың нұры жаусын дегім келеді. Алға қойған армандарыңызға қол жеткізуіңізге шын жүректен тілектеспін.

оригинал

Мен, Айтажанов Әлібек көп уақыттан бері сырқаттанып жұмысқа жарамай группаға шықтым. Басым ауырып, құлап қалатынмын. Осы Құмарбек ағайға келіп емделіп, 10 күннен 2 реттен ем алып айығып кеттім. Қазір міне құдрет үшкір жақсы болып, жұмысқа шығып кеттім. Көп рахмет.

 оригинал

Мен, Күлманов Әміржан, Арал қаласынан, асқазаным және екі қолым сырқырап ауырып келіп едім. Құмарбек емшіге көрінгеннен бері жағдайым жақсарып келеді.

оригинал


Мен Күлманова Ұлзира бүйрегім және аяғым ауырып келіп едім. Емші Құмарбекке емделгеннен бері жағдайым жақсара бастады. Құмарбек інім сізге тілейтініміз деніңіз сау, ұзақ өмір сүруіңізге, балаларыңыздың қызығын көріп, халықты емдеп, алғысына бөлене беруіңізді тілейміз. Мына бір шумақ тілекті сізге арнаймыз.

Құмарбек айналайын қолыңыздан,

Бақ қонып Қыдыр күтсін жолыңыздан.

Мұқамбет үмбетіне қорғаншы бол,

Шипа мен неше түрлі науқастардан.

оригинал


Мен, Сержанова Роза қызым Мөлдірді Құмарбек емшіге әкелген себебім, 7 жылдан бері қызымның тоқ ішегінен үлкен дәреті еріксіз шығып кете беретін, қызым қазір 13 жаста. Больницаға жатып емделген болдық, жүйке тамырлары дұрыс жұмыс істемейді, енді ауруымызға ауру қостық, енді қолы тартылып қалатын болды. Сонан аузы тартылды. Қызымның ауруы жаныма қатты батты, күйзеліп кеттім, талай түндерді ұйқысыз өткіздім. Алматыға исследование институтқа шақырды, енді соған барамын деп жүргенімде, Құмарбекті естіп, осында келдім. Әуелгі кезде шынымды айтсам сеніңкіремей жүрдім. 7 сеанс қабылдағаннан кейін, сізге өтірік, маған шын дәреті тоқтады, қолы да ретке келе бастады. Міне, қазір емнің 2 курсын алып жүрміз, енді өзім де емделіп жүрмін. Мен үшін Құмарбек емшінің жасаған жақсылығы маған үлкен қуаныш. Әуелі Құдай, екінші Құмарбекке дарыған қадыр-қасиетінің, шипалы қолының арқасында, енді мен қызымның науқасын еш уайымдамаймын деп сенемін. Құмарбекке менің айтар алғысым шексіз, бізге жасаған жақсылығың Алладан қайтсын, Алла Тағала қолыңа қуат берсін, өзіңе денсаулығына, бақыт тілеймін. Науқастардың алғысына бөленіп, емхана ашып алуыңызға тілектеспін.

 оригинал

 

 

Біз Құмарбекті бұрынан еститінбіз. Тараз қаласында тұратынын. Қызылорда қаласына қашан келеді деп күтіп жүргенбіз. Енді келіп бәріміз көріндік. Біріміздің бүйрегіміз, давление, суық тиген, аллергия т.б. ауруларымызды емдетіп, жақсы болдық. Дәрі ішіп қайта-қайта мазамыз кетіп жүретін. Енді дәрі ішпегенімізге 1 ай болды. Құмарбектің бізге істеген шипалы қолының емін ұмытпаймыз. Алла Тағала әр ісіне берекет беріп, қуаныш силасын! Әр кезде жолы ақ болсын! Осындай қолы шипалы кісілер көбейе берсе қандай ғажап.

Қызылорда қаласы. Құралай, Декет, Гүлнара, Алма, Кенішкүл. 27.09.2004 ж.

 

 оригинал

 

Мен, Абишева Мадина Құмарбек аға туралы бір-екі ауыз жазып кеткім келіп тұр. Мен өзім зоб ауруымен 4 жылдан бері ауырамын. Біраз емделдім. Енді мына Құмарбек аға туралы естіп келіп, ем алдым. Басқа емге қарағанда, осы ем жақсы әсер етті. Ұйқым дұрысталып, жағдайым жақсарды. Мен өзімнің зобтан басқа да давлением бар, бауыр, бүйрек, барлығы да дұрыс емес. Өзім жақсы болып, көзім жеткен соң, екі қызымды алып келдім, енемді алып келдім, енемнің сіңілісі сусамыр ауруымен ауыратын, ол кісі емделді. Енді барлығымыздың да Құмарбек ағайға айтар алғысымыз шексіз. Атағыңыз әлемге тарайтынына сенемін. Қашанда аман болып, еңбегіңіз жана берсін. Шын жүректен тәлектеспіз.

оригинал


Мен, Асанова Бақыт, Жамбыл облысы, Құлан ауданы, Калинин аулында тұрамын. Мені больницадан шығарып тастаған болатын, содан мені әкпем осы Жамбылдағы Құмарбек емшіге алып келді. Мені көре салысымен өте ауыр екенін айтты. Құмарбек емші бәрін дұрыс тауып айтып берді. Емделуіміздің ұзақ болатынын айтты. Өйткені түрім жаман еді, жүре алмаймын, сөйлейде алмаймын, ісіп кеткенмін. Бір жатқан тірі пенде едім. 2 рет 10 күннен қабылдадым. Сөйтіп 3-ші 10 күннің 6-шы күні оң көзімнен су ақты, артынша сол жақ мұрнымның тесігінен аппақ құрт түсті, сөйтіп сол жағымнан да солай құрт түсті. Содан мен көрме сен көрме болып жазылып кеттім. Міне құдірет десеңізші. Халқым осындай адамға сарай емес, музей беруге болады. Өйткені мен салдырып берер едім, менің күйеуім жоқ, төрт балам бар, ондада Құмарбек мені жағдайыма қарап емдеді. Барлық ақшамды врачтарға бердім. Сонда Құмарбек айтады сендер ақшаларынды бірінші ала аяқ дүмшелерге бересіңдер, не болмаса врачтарға бересің дейді. Құмарбек саған мыңда бір рахмет.

 оригинал

 

Маңғыстау облысы, Жаңа-Өзен қаласы. Насреддинова Фарида Тауелқызы, Насреддинова Шолпан Тауелқызы. Құмарбек ағаға біз давление, өттегі тас болып, соған ем жасатуға келдік. Он күн емімізді алды. Бізге бірінші күннен бастап емнен көмек бола бастады. Өйтіп айтқан себебім, әр жеріміз ауырып шаншып жүргенімен, өзімізді сергек сезініп жүрдік. Осы емге келіп жүріп, әр жерден келген әртүрлі ауру адамдармен тілдесіп, бұл ағаның әртүрлі ауруларға көмегі тиіп емі шипа болып жатқанына куә болды. Алла қабыл етсе, Құмарбек ағаның қолының шипасы бізге де ем болар!!!

Құмарбек аға біз сізге өте ризамыз. Бізді жылы шырайы ыстық ықылас-пен қарсы алдыңыз. Құмарбек Думанұлы сияқты қазақтың кәсіби дарын емші жігіттері көбейе берсін. Бірінші Алла, екінші ағамызға толық сенеміз. Жорыт-қанда Қыдыр ата жолдасың болсын, әрқашанда әруағыңыз қолдасын! Талабың-ызға нұр жауып, мерейіңіз үстем болып, әрқашан тек биіктен көріне беріңіз.

оригинал

 

Мен, Сүйінбай. Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылы. Құмарбек бауырыма шын жүрегімнен рахмет айтамын. Бұл өмірде денсаулықтан артық ештеме жоқ. Мен денсаулығымды жерден құлап таза жазылып шықтым. Қазір өте сергек, жұмысымды істеп жүріп жатырмын. Құмарбек сенімді емшілеріміз халқына қызмет ете берсін. Бұл кісіге зор денсаулық, отбасына бақыт, емшілік жолында тек қана табыс тілеймін.

оригинал


Құмарбек інім! Алла қолдап, бала-шағаң өсіп өнсін! Көгеріп көктесін! Әулетің елге тарап, атағың дүниенің төрт бұрышына жетсін! Көптің батасы қабыл болсын! Қызымыз екеумізге берген емің шипа болып, жараған аттай шауып кетуге Алла жар болсын! Бүгінгі қасиетті Айттың біріші күнінде аналық батамды беріп отырмын, Алла тілегімізді қабыл етсін! Үлкен ғимарат ашып, халқыңның батасын алып, тілегіңе жет! Қазақ халқының адал бір азаматын, Алла қолдасын!!!

Тілекпен апайың Толқын, қарындасың Эля.

оригинал