ТАНАУ АУРУЛАРЫ


Мен, Терлікбаев Асхат, гаймарит болып, Құмарбек ініме келдім. Құмарбек ініме үш рет келіп, гаймариттен құтылдым. Ешқандай укол, операция дегенді істеген жоқ, бала шағасының қызығын көріп, Алланың нұры жарылқасын.

оригинал

 

 

Мен, Иманалиев Еркебұлан Қадырұлы, осыдан бір жыл бұрын мұрныма ет өсіп, дем аламай қалғанмын. Содан кейін осы ағама келгенде Құмарбек аға менің мұрнымды 10 күн қарады, содан мұрным жақсы болып кетті. Және осындай кісіге мыңда бір рахметімді айтамын.

оригинал 

 

 

Мен, Наметбаев Медет Бақытұлы. Менім басым ауырып қалды. Мен Құмарбек ағаға келдім да, 10 күн оқып жақсы боп шықтым. Осы Құмарбек алтын адам екен, ондай адамдарды көтеру керек. Мен Құмарбек ағаға өте ризамын. Менім тілейтінім сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт тілеймін.

 

 оригинал

 

Мен, Рысқұлбекова Гүлнар Сағынбеққызы, 1968 жылы туылдым. Қазір Тараз қаласының 9-мөлтек ауданында 9 үй 16 пәтер тұрғынымын. Мұрнымнан дем ала алмай, гайморит ауруына шалдыққаныма 2 жылдай болған. Елдің айтуымен 15.10.02 ж. Құмарбек ағаның алдына келдім. Екі-үш сеанстан кейін өзгеріс бола бастағанын сездім. 10 күннен кейін бұл аурудан жазылдым. Менің емделуіме себепші болған Құмарбек ағама үлкен рахметімді, алғысымды айтамын. Семьяңызға мол бақыт, өзіңізге зор денсаулық тілеймін. Маратыңыздың қызығын көріп, немерелі-шөберелі болыңыз. Ізгі ниетпен Гүлнар.

 оригинал

 

Мен, Тағашова Сенділла. Осы Құмарбекке келіп көрінгеннен бері өте өзімді жақсы сеземін. Мен өзім гайморит ауруымен ауырып, біраз жыл жүрдім. Бірақ больницаға көрінбей Құмарбекке келіп, 10 күн емін алып, жақсы болдым. Құмарбекке Алланың нұры жаусын, бала-шағасының жақсылығын көрсін демекпін.

оригинал

Мен, Байшемиров Нұрболатпын. Өткен жылдары осы жылдары мұрын қатты ауырды, содан кейін мен жүріп-жүріп, осыдан 2 апта бұрын больницаға барып ренгенге барып түстім. Содан мені гайморит деді. Сонда мен не істерім білмей қалдым. Бір жолдас бала арқылы мен Құмарбек деген кісіге келдім. Осы кісі маған осы ауруды 10 күнде емдеймін деді. Құмарбек кісіге алғысымды айтамын. Осы емделгеннен кейін мен жақсы болдым. Осы кісі ауруларды жақсы емдейді. Тағы да осы кісіге үлкен-үлкен алғысымды рахметімді айтамын. Тілек білдіруші ініңіз Нұрболат.

 оригинал

 

Мен, Ахмедова Руна, Жуалы ауданына қарасты Ақтөбе ауылынан келдім. Маусымның 10-нан 14-іне дейінгі аралықта емделдім. Ауруымның басталуы былай болды; 1 айдан астам уақыт жөтеліп жүрдім, кейін мұрным біткен, дем алысым қиындап, басым қатты ауырып, 1 апта жатып қалдым, больницаға районаға барып анализ тапсырсам, гайморит деп тапты да, мұрнымды тесіп, тазалап, жиналған үйінді сорғызып алмақшы болды, мен бұған келіспедім. Қалада осы кісінің мұрын ауруын тамаша емдейдітінін күйеуім естіп келген, сонымен Құмарбек ініме келдім. Бір көргеннен маған бұл кісінің жайдары жүзі, ыстық ықыласымен қарауы, қарапайымдылығы өте ұнады. Келмей жатып науқасымыздан құлан таза айығып кететінімізге сенім мол болып, басқа ой келмейді. 2-3 күнге дейін ішім өтіп, аяқтарым сырқырап ауырып жүрді де, кейін басымның ауырғаны да, басқасы да сап тиылды.

О, Құдірет! Мен алдын осындай құдірет иесі барын сезбеген уақытқа дейін кейбір күн көрістің қамы үшін кісілерді алдап, емшімін деп көкірегін керген көріпкелдердің жетегінде жіпсіз байланып, уланып келген екенбіз ғой. Менің көзім енді ашылды. Нағыз халық емшісі, нағыз адам жанының арашасысы арамызда елеусіз, көлеңкеде қалып жүр екен ғой. Мен осында емделген 5 күннің ішінде небір кісілердің сырқатынан айығып, шексіз алғыстарын айтып, қуанып бара жатқандарының куәсі бодым. Енді бір қынжыларық жайт, бұл кісінің дұрыс қызмет болып жәрдем беріп, емхана салып берсе, аурулар жататын бөлмелерін тамақтанатын шын т.б. болса нұр үстіне нұр болар еді.

Құмарбек інім, мәртебең биік болсын, жарқ етіп халық үшін көрінген, жұлдыздай жарқырап, биіктерден көріне бер, атағың құлай әлемге тарап, қарапайым халықтың алғысына бөлене бер!

 оригинал

 

Мен, Жүнісов Қасыхан гайморитпен ауырғанмын. Мен көп жылдар бойы осы ауруымен ауырғанмын. Сөйтіп Құмарбек ағама келгенмін. Көп кісілер осы ағамды мақтап жатқанын естігенмін. Құмарбек ағам ауруымды емдеп берді. Құмарбек аға көп жасаңыз, сіз біздерге керексіз және де көп-көп рахмет айтамыз біздің жанұядан.

 оригинал

Мен, Нұрманбетова Алия осы Тараз қаласының тұрғынымын. Мен өзім Кученевка барып 10 күн емделіп операцияға дайындалып жүргенімде, бір танысым арқылы осы Құмарбек аға туралы естіп, алдына келдім. Алғашқы келгенімде сеніңкіремей келіп едім, 3 күннен бастап жақсы болып кеттім, 7 күн келіп, емделіп, аға ризашылығымды айта отырып рахметімді айтамын. Осымен қоса өзімнің жиендерім бар еді, емделуге, баласының құлағынан ірің ағып жүр еді, ағай ол баланы тегін емдеп, 3 күн дегенде құлағының ауырғанын тоқтатты, осы жиенімнің артынанда үлкен алғысымды айтамын. Менің өзім айтарым, әрбір істеген жақсылығыңыз, әрбір істеген еміңіз, ағай Алладан қайтсын, жәнеде Алла бұйыртып, Сізге қалтасы қалың мейірімді кісілерден үлкен көмек болсын. Оқырман кісілерге айтарым шын ниетпен ағайға сеніп көмектеріңіз болса аямауларыңызды сұраймын. Құмарбек аға әрбір істеген істеріңіз Құдай оңынан берсін. Рахмет.

 оригинал

 

Мен, Нұрдәулетов Медет Қожабайұлы, Қарағанды облысы Ариозерск қаласынан келдім. Мен гайморит болып ауырдым. Осы жерде Құмарбек ағаны естіп емделуге келдім. 10 күн ішінде жақсы болып кеттім. Бұл кісіге зор денсаулық тілеймін. Рахмет.

 оригинал

 

Мен, Темірбеков Қайсар, Тараз қаласында тұрамын. Балам туылған кезінен ауырды, мұрыны ет өскен деп больницада операция жасаймыз деді. Оған мен қарсы болдым. Осы Құмарбек ағайға баламды алып келдім. Мен өзім ІІ-ші группадағы инвалидпін. Ағайға жағдайымды айтып едім, ағай бірден түсініп баламды емдеді. Құмарбек ағайға айтарым өмірде бақытты, денсаулығы жақсы болсын деймін. Қазір баламның дем алуы жақсы жазылып кетті. Мен Құмарбек ағайға үлкен алғысымды айтамын. Шын ниетіммен алғысымды айтамын. Сізге үлкен рахмет.

 оригинал

 

Мен, Сейдазым Дүйсенбек Әбдірайымұлы, Тараз қаласының тұрғыны, 4 жыл бұрын суық-аяз күнде мұрныма (тынысыма) қатты, енді жазылмастай суық тигіздім, медицина тілінде «двух сторонии гайморит» деген ауруына шалдығып көп қималдым. Әрине, бірінші лор емшісінде проколдарға немесе басқа ем түрлерін қабылдап жүрдім. Бірақ бұл аурудан оңай құтылмадым. Лор емшісіне 2 айда бір барып прокол жасатып, әбден қор болдым, былайша айтқанда олардан үмітімді үздім. Қатты қиналғандықтан әртүрлі ем қабылдауға мәжбүр болдым. Бірақ, көп ұзамай ел айтуынша Құмарбек ағама жолығып, осы кісіден ем қабылдай бастадым. Осы кісінің қолы тигеннен кейін-ақ ауыруымды ұмыттым. Сондықтан да Құмарбек ағама үлкен алғыс білдіргім келеді.

 оригинал

Мен Т.Рысқұлов ауданынан келдім, Есімқұлов Алтын Молдозымқызы. Жасым 31-де. Мен ауырғаныма 2 жыл болды. Менің тыныс алу мүшем, яғни мұрыным ауырады. Медицина тілімен айтқанда гайморит, аузыммен демалып, басым айналып ауырғанда шыдауға мүмкіндігім болмайтын. Қалалық ауруханада 9 күн жаттым. 2 мұрнымды да тестіріп, неше түрлі дәрі қабылдадым. Ойда жоқта Құмарбек ағаға келіп жолықтым. Ол кісі мені жылы шыраймен қарсы алды. 1 күн ем қабылдадым, бірақ мен сеніңкіремедім, оным үшін Құмарбек ағадан кешірім өтінемін. 2-3 күні мен күтпеген жағдай болды. Түнгісін 2-3 мәрте тұрып дәрі тамызатынмын, дәрі бас жағымда тұрды, бірақ тамызғам жоқ. Қазір Құмарбек ағаға табынуға дайынмын. Ағаға айтуға сөзім жоқ рахмет, Алланың нұры жаусын демекпін.

 оригинал

 

Мен, Садықова Ақмөр Дүйсенқызы, осы Тараз қаласында тұрамын, Мен өзім және апам екеуіміз келгенбіз. Менің мұрным ауырған, апамның шаншуы болған. Екеумізде жақсы болдық. Екеумізде риза болдық. Біз сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, атақты емші болуыңызға тілектеспін.

 оригинал

 

Мен, Келгенбаева Мәншүк Қалдыбекқызы, Тараз қаласының тұрғынымын. Менің келген себебім Құмарбек ағаға ел ауызынан естіп, нақты тұжырыммен келдім, яғни үлкен сенім артып келдім. Ол сенімім ақталды деп ойлаймын, демек үлкен көмектесті. Менің тынысым тарлығып, яғни ішіне ет өсіп медицина тілінде гайморит болып, Құмарбек ағаға келдім. Мен бірінші күннен бастап тынысымның жақсарғанын байқадым, тәуір қылып шығарды. Қазіргі кезде түнде жақсы ұйықтаймын, басым ауырмайды. Менің айтқым келгені Құмарбек аға талабы одан әрі таудай өркендеп бізді, яғни өзінің халқына одан әрі көмегін көрсете берсін демекпін.

 оригинал

Мен, Мушаев Бақытжан, 1 жылдан бері гайморитпен ауырып Құрекеңе келдім. Ол кісі 10 күн қабылдап, басымның ауырғанын қойдырды. Мен Құрекеңе рахметін айтамын, семьясына бақыт тілеймін, жұмысыңыз алға баса берсін деймін. Айтар алғысым көп, Сізге!

 оригинал

 

Мен гайморит 4 жыл ауырдым. Прокол да, промывание да жасаттым, бірақ жазылмадым. Сосын менің осы кісіге, яғни Құмарбек ағаға тәтем алып келді. Шынымды айтам келгім келмей келдім, сосын 10 күннен кейін көзім жетті. Енді бұл кісіге шексіз ризамын. Мен түнде жастығымның астына нафтизин қойып жататынмын, түнде бір, екі рет тұрып тамызатынмын, көшеде жүргенде аузыммен дем алатынмын, оның бәрінен құтылдым. Сол үшін Құмарбек ағаға ризамын.

 оригинал

 

Мен, Дүйсенбаев Болысбек және әйелім Дүйсенбаева Тажыкүл Байзақ ауданы, Дихан 2 аулында тұрамыз. Менің әйелім 3 жылдан бері гайморит ауруымен ауырып, докторларға көрініп, 2 мәрте мұрнына прокол жасады. Барлығы уақытша көмек берді. Соңғы кезде әйелімнің басы көп ауратын болды. Содан қызым осындай бір емші бар деп, адресін айтып, Құмарбекке келдік. Бұл кісі бізді жылы қарсы алып, 10 күн емдеді. Әйелімнің басы ауырғаны қойып, тынышталды. Ал менің зәрге отыруым қиындай кеткен еді. Құдайға шүкір әзір жақсы болып кетті. Әуелі Алланың! Сонан соң, Алла берген, дарынды өз орнымен жұмсай білген халық емшісі биоэнерготерапевт Жұқаев Құмарбек Думанұлына үлкен рахметімізді айтқым келеді. Мен және әйелім екеумізде дәрігерміз. Сөйте тұра біз жан шипасын осы Құмарбек Думанұлынан таптық. Сондықтан да осындай бір туар халық арасында дана емші, былайша айтқанда, әрі профессор! Академик! Медицинаның атасы Афецина Павлов сияқты кісілерден артық болмаса, кем емес Құмарбектей інімізді медицина депортаментінде отырған акимат басшылары Тараз қаласының орталығынан орын бермегені өкінішті-ақ. Қайда біздің қазақтың намысшыл ұлдары!!! Мен бұндай құдірет берген Алланың пендесі Құмарбектің келешегінен көп үміт күтемін. Шындық қай уақыттада шындық. Қанатың талмасын. Халқыңа қызметіңді істей бер. Бұндай құдірет берген Алла, келешекте бәрін береді.

 оригинал

 

 

Мен, Надирбаев Бахтияр Жылқыбайұлы гайморитпен ауырып келдім. Құмарбек ағаға келдім. 5 күнде жазылып кеттім. Ол кісіге рахмет, бала-шағасының қызығын көрсін. Өмір жасы ұзақ болсын, бізден де басқа елдерді емдеп, жазылып кетсін оларда.

 оригинал

 

 

Мен, Марданбаева Айгүл. Менің басым көптен ауырып жүрді. Мән бермей дәрі ішіп жүруші едім. Осыдан бір жыл бұрын тұмау болып, бронхитпен ауырдым. Больницаға барып емделдім, содан қайтадан қайталап, жаз бойы тағы да ауырдым. Жұмыстан қайта-қайта қалып, жұмыстан шығып кеттім. Сөйтіп жүріп, тағы жұмысқа кірдім, істегенімнен қалған күнім көп болды. Поликлиника бардым, лорға көріндім, ренгенге түсірді, сөйтіп гайморит тағыда мұрнымда киста деді. Операция жасау керек деді. Гайморитка прокол да жасаттым, кетпеді, мұрным бітеліп қала берді. Врачтар басыңды №12 больницаға апарып компьютерге түсір, соған бардым алдымнан бір медсестра қыз шығып жағдайымды айттым. Ол қыз маған осындай Құмарбек аға деген емші бар деді. Операция жасатып неғыласын, сол кісіге емдел деді. Адресін берді. Мен келдім, 5 күн емделдім. Қазір бұл Құмарбек ағаға ризамын. Дені сау болып жүрсін. Алғысымды айтамын.

оригинал

 

Мен, Мұқанов Асанбекұлы Құмарбек ағаға рахметімді айтқым келеді. Мен бұл жерге гайморитпен ауырып келіп едім, Құдайға үшкір жақсы болып кеттім. 10 күн сенас қабылдадым. Ағаға ұзақ өмір, зор денсаулық тілегім келеді. Бар рахметімді осы кісіге айтқым келеді.

 оригинал

 

Мен, Жанқұлов Жарас Есжанұлы. Мен Қүреңбел ауылында тұрамын. Өзім гайморит болып ауырғам. Осы Жамбыл қаласында Құмарбек кісіге ем алуға келдім. Қазір жақсымын. Мен 5-ші күні келіп қаралдым. Мен Құмарбек аға бала-шағасының қызығын көрсін. Мен бұл кісіге емделіп жақсы болғаным, көрдім, әртүрлі аурумен. Мен бұл кісіге үлкен табыс тілеймін.

оригинал 

 

Мен, Орманалиев Ерлан Сәрсеналиұлы, Луговой ауданынан келдім. Мен алғаш гор.больницаға бардым, онда дәрігерлер мұрныңды тесіп, шлангамен 10 күн емдейміз. Дәрі-дәрімекке ақша сұрады. Мұрнымды бір тескен соң 6 ай сайын емделу керек. Бір күні халық емшісі Жұқаев Құмарбек Думанұлы ағамызды естіп, осы кісіге келдім. Кеспей-теспей 10 күн гаймориттен емдеді. Сол күннен бастап демалысым, бәрі жақсы болды. Бұрынғыдай көзімнің ауырғаны, басымның ауырғаны бәрі қойды. Сондықтан да мен бұл кісіге айтар алғысым көп. Осы кісінің арқасында мен жазылдым. Мен бұл кісіге әрқашан 1-шіден мықты денсаулық, мол табыс тілеймін.

оригинал 

 

Мен, Абдужапарова Есіл гайморитпен ауырып, біраз жерге емделдім. Бірақ ауруым кеткен жоқ. Құмарбек ағаға келген соң, мұрным ашылып жақсы болдым. Құмарбек ағаға үлкен алғысымды білдірем, рахмет.

оригинал 

 

Мен, Көлімбетов Медет гайморитпен ауырып, біраз жерге емделдім. Бірақ ауруым кеткен жоқ. Құмарбек ағаға келген соң жақсы болып кеттім. Құмарбек ағаға үлкен алғыс айтамын, бала-шағасы аман болсын, рахмет.

оригинал 

 

Мен, Асанова Камшат үш жылдың көлемінде гайморитпен ауырдым. Құмарбек ағаға келгелі жақсы болдым. Ағаға көп рахмет. Мұндай ағаға сарай салдырып берсе де жарасады. Мен өз көзімен көрдім, неше түрлі ауруларды қысқа уақытта жазылғанын көрдім. Мұндай ағаға көп рахмет.

оригинал 

 

Мен, Рахымбердиева Самал Сейлханқызы, Тараз қаласында тұрамын. Мен былтырдан бері гайморитпен ауырдым. Қыста, көктемде больницада ем қабылдадым, бірақ бәрі уақытша болды. Осы жылы қыс басталысымен қайтіп гайморитім басталды. Сосын мен Құмарбек ағаны естіп, шын ниетпен ағаға келдім. Бұрын менің мұрным бітіп, жиі басым ауыратын. 1 күннен кейін-ақ менің мұрным да ашылып, басымның ауырғаны да қойды. Мен 10 күн емделдім. Қазір менің мұрным да бітелмейді, басым да ауырмайды. Мен Құмарбек ағаға алғысымды айтамын. Ағаға зор денсаулық, жанұясында бақыт, еңбегінде табыс тілеймін.

оригинал

 

Мен, Ақмолдаев Амангелді 1945 ж. Гайморит ауруымен Құмарбек інімізге келіп жақсы болып кеттім. Алғашқы үш сеанстан кейін-ақ тәуір бола бастадым. Осымен екі мәрте келдім, Құдай сәтін сағатын салса айығып кеттім деп ойлаймын. Енді анда-санда жәй тексеріліп Құмарбек інімізге сәлем беріп тұратын шығармыз. Осыған дейін больницада болдым, операция жасады, бір айдан кейін қайталап ауырдым. Содан тәуіптерді жағаладым, біраз ем-дем жасадым болмаған соң осында келдім. Айтарым Құмарбекке мыңда бір рахмет, дені сау болып, халқына қызмет көрсете берсін, жұмысының игілігін көріп, халқының алғысына бөленсін демекпін.

оригинал 

 

Мен, Рахманқұлов Рүстем мұрын ауруымен Құмарбек ағаға келдім. Аға маған ем алсаң жақсы боласың деді. Содан мен 10 күн Құмарбек ағадан ем алдым. Мұрным жиылып, дем алу тынысым жақсы болды. Құмарбек ағаға рахмет. Айтқан сөзін істеп менің жіберді. Мен риза болып кеттім.

 оригинал

 

Мен Түрікменнен келдім, аты-жөнім Мурадов Асан, 11 жасар баламды алып келдім. Баламның мұрыны бітіп, тек аузымен дем алатын. Біз Құмарбек емшіні Тәжікстаннан естідік. Онда туғандарымыз тұрады. Біз 20 күндей емделдік. Кеспей-теспей емдеді. Еміне мен таң қалдым, осындай адам кеспей қолмен емдеді. Менің көргенім, ішінен ақ ет сықылды және түйір қан сықылды түсті. 13 күні мұрын ашыла бастады. Сөйтіп 20 күнде тап таза қылып берді. Біз не айтамыз рахметтен басқа. Қолыңа қуат берсін Құмарбек.

оригинал