БҮЙРЕК АУРУЛАРЫ

   

Мен, Бейбеков Эльбрус, 2002 жылы жазда балам кіші дәретін сындырып қоятын. Осы Құмарбек ағаны естіп келіп емделіп жақсы болды. 3 күн емделіп жақсы болып кетті. Сізге Алланың нұры жауа берсін.

 оригинал

 

Мен, Ахметбекова Айсары, ұлым Бауыржанды 15 жастағы кіші дәреті ұстамай әкеліп 2 күн емделіп, осы кісіден жазылды. Сізге көп рахметімізді айтып, емшілік қасиетінің арта берсін дейміз. Рахмет. Бақытты, жасыңыз ұзақ болсын!

 оригинал

 

Мен, Альгиева Наташкуль Маминқызы. Осы Таразға бүйрегімнен жүре алмай келіп едім, сонан осы кісіге келдім. Осы кісіге қаралғалы жақсымын. Бұл кісіге айтатыным көп рахмет, Құдай қолдасын, Алла жар болсын.

 оригинал

 

Мен, Есаманова Мейраш Советбайқызы, осы жылдың маусым айында цистит болып, қатты ауырып келдім. Бұл кісіні ауылдағы адамдардан естіп келдік. Ол кісі келгенде бізді жақсы қарсы алды. Әрбір 5 мин сайын зәрге отыра берем, содан бері кісінің емін қабылдағаннан кейін жақсы болдым. Алғашқы бірінші екінші күннен кейін белгі берді. 10 күн емін қабылдап, өте жақсы болдым. Тағыда айта кететін жайым, бұл кісінің істеген ісінің таза адалдығы, жүрегінің жұмсақтығы. Құдайдың берген қасиетін, халық үшін адал еңбек етіп жүрген Құмарбекке көп-көп рахмет айтамыз. Құдайдан тек жақсылық тілеймін.

 оригинал

 

Мен, Сартаев Ерғали, Құмарбек ағаны естіп емделуге келдім. Құмарбек ағаға 10 күн емделетін болдым. Бірінші күннен бастап ол кісінің Алладан берген қасиеті бар екенін білдім. Ауырған жерім қуығым болатын. Больницада 20 күн жатқанмын. Сонда бәрі бос болып шықты. Айтарым, Құмарбек аға сияқты кісі емдеп жүрегеніне риза болдым.

 оригинал

 

Мен, Усерова Гүлжан Төремұратқызы. Мен өзімнің сол жағымдағы бүйрегімді 3 күнде емдеп берді. Мен Құмарбек ағаға рахмет айттым. Мен өзімнің атымнан және ата-анамның артынан көп алғыс айтамын. Құмарбек ағаға келген адамдарда рахметін айтсын.

оригинал

Мен, Асембаева Зиякуль Қалметқызымын. Мен өзім оң жақ бүйірім ауырып келіп едім. Осы балам Құмарбектің емінен кейін жақсы болдым. Өзімді жеңіл сезініп, көңілім де жақсы болды. Ұйқым да тыныш болды. Емші Құмарбекке айтатыным көп-көп рахмет. Адамдарды өте жақсы қабылдайды. Жұмысы, емі қабыл болсын. Алланың нұры жаусын.

 оригинал

 

Мен, Бақыт шешем екеуміз Мерке қаласынан келдік. Шешем қатты ауырып, бүйрегінен врачтар операция жасаймыз деген. Біз операцияға бармай, осы Құмарбекке келдік. Бұл кісінің алды жақсы екен. Шешем айығып кетті. Мен өзім бронхит ауыратын еді. Менде 1 аптаның ішінде тәуір болдым. Енді 1 айдан кейін тағы алдына келеміз. Кездескенше күн жақсы.

 оригинал

 

Мен, Есбосынова Сәуле. Менің қызым Надирбаева Жаңылсын 1995 жылы туылған. Біз өзіміз оралманбыз (көшіп келгенбіз). Қызым 2002 жылы октябрь айында ауырды. Жаңылсын ауырғанда беті барлық жері ісіп ауырды. Біз қызымызды алып Жуалы ауданындағы врачтарға көрсеттік. Ол жерден жолдамамен Тараз қаласындағы балалар емханасына келіп орналастырды. Жаңылсынның бұл жерде алмаған дәрісі, уколы қалмады десемде болады. Себебі күні түні укол дәрісін барлығын ойды. Қызым бұл больницада 3 ай жатты. Қызым ісігі қайтпасада үйге алып қайттым. Үйге келгесін қызым және бұрынғысындай болып қайталады. Мен осы жерге келіп емделіп тәуір болып кеткен апай, Руна апайдан емші Құмарбек жөнінде естіп, осы жерге қызым Жаңылсынды алып келдім. Бізді Құмарбек емші қызымды жақсы қарсы алды. Қызым келгенде ісіп келген еді. 7-снан кейін қызыма белгі беріп қызымның ісігі қайта бастады. Құрысын толық қайтып бұрынғыдай ісігі тамаққа іштейі ашылып, кеулі толып ойнап күліп жүрді. Ал менің айтайын дегенім больницада 3 ай жатып емделе алмаған қызым, осы Құмарбек емшіге келіп 3 күн дегенде емін тапты. Құмарбек емшіге айтарым ана ретінде айтар алғысым көп. Айтарым бала шағаңның рахатын көріп, биік шыңдардан көріне бергейсің. Талабың алға өрлей берсін, өмірден деніңіз сау болып тек жақсылық көріңіз. Осындай азаматты қадірін біліп, неге қолдамаймыз. Жоғарыдан сұрарым осындай қасиетті адамды, қадір тұтып қолдау жасап, көмектессе деп сұрар едім. Ағай сізге көп-көп рахмет.

 оригинал

 

Мен Тараз каласының тұрғыны Дуралиев Дүйсенбек Жайлауұлы, 2000 жылы бүйрегім ісіп ауырдым. Содан Құмарбек ағаға барып емделдім. Құмарбек аға алты күн қарады. Содан кейін жақсы болып жазылып кеттім. 2001 жылы тамағым ісіп ауырдым. Құмарбек ағаның алдына тағы да бардым. Бұл жолы үш күн емделіп тағы да жазылып кеттім. Қазір денсаулығым өте жақсы. Құмарбек ағама көп-көп рахметімді айтамын.

оригинал


Мен, Нақыпбекова Бегімкүл, Шымкент облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылында тұрамын. Менің қызым Нұргүл кішкентайынан қазір осы 12 жасқа дейін төсекке зәр жіберіп қоятын. Осы Құмарбек ағаға келіп бір күн оқытылды. 2-ші күні уже сап тиылды. 3 күн оқытылды менің қызымның ауруы қойды. Біз бұл кісіні больницада бір әйелден естіп осында келдік. Бұл Құмарбек ағаға көп рахмет айтамын. Осындай үлкен де, атақты емші болып жүріңіз. Анамның атынан да сізге көп рахмет, қызым да рахмет айтып қуанып жүр.

 оригинал

 

Мен Османова Аманкүл Сәлімбайқызы 9 мөлтек ауданында тұрамын. Менің зәр жолдарым тоқтамай қатты қиналып келгенмін. Құдайға шүкір, екіншіден Құмарбек ағаға сол кісінің емінің арқасында 2-ші күні жақсы бола бастағанын сездім. Бұл кісіге айтар алғысым өте мол, осындай ұлды дүниеге әкелген ата-анасына рахмет, халқына адал ұл етіп тәрбиелеп, халқының рахметіне бөленген жігіт өсіп-өнеріне шексіз сенемін. Рахмет сізге Құмарбек өміріңіз ұзақ, бақытты, халықтың адал ұлы болып өмір сүре беріңіз.

 оригинал

Мен, Дулатбаева Қалдыбала Тұрғынбекқызы, осы Тараз қаласында тұрамын. Құмарбек ағайды жолдас қызым арқылы естідім. Естіп шын ниетіммен келдім. Мен Құмарбек ағайға ризамын. Менің аяғым қатты ауыратын. Құмарбек ағайдың 1-ші сеанснан-ақ өзімді жеңіл сезініп, аяғымның қақсағаны қойды. Тек бұл бір ғана аяғымды ғана емес, бүйрегім төмен түсіп кеткен етін, соны да Құмарбек ағайдың емшілік қасиетінің арқасында 1-ші күннен бастап дәл қазірге дейін өзімді бұрын ауырмағандай сезінемін. Мен Құмарбек ағайға өте ризамын. Әрқашанда халықтың ойынан шығып, ешқашанда ауырмай ортамызда жүре беріңіз. Құмарбек ағай семьяңызда бақытты болып, осы Құдайдың сізге деген емшілік қасиетінің арқасында атағыңыз әлемге әйгілі болсын. Бір ғана осы Таразда емес, басқа қалаларда атағыңыз шығып жүре беріңіз. Бірінші Құдайға, екінші сізге ризамын. Көп-көп рахмет сізге, ауырмаңыз.

 оригинал

Мен, Өтебаев Жолдыбай, Шымкет облысы, Мақталы ауданынан келдім. Келу себебім үлкен сырқатпен келдім. Жұқаев Құмарбекті Ташкент қаласынан естідім. Себебі жан керек екен, демек жаннан артық ештеңе жоқ. Менім қуығыма зәр жүрмей қалды, содан дәрігерлер операция жасамаса зәр жүрмей қалады деді. Кескеннен не пайда, оданда өлгенім дедім. Содан атағы шыққан Құмарбекті естіп келдім. Атына рахмет Құмарбек. Жеті күн емделдім, екінші күні зәрім жүрді, 5-6 күндері ісігім кетті. Рахмет мұндай ақ жандарға. Құлдықтан басқа ештеңе жоқ. Осындай адамдарға жағдай жасау керек. Жанұямыздың атынан мыңда бір рахмет айтамын, Құмарбекке.

оригинал

Мен, Бекмағамбетов Қалдан келу себебім, қуықтың ауыр түрімен біраз жылдан бері ауырып жүргенім. Көрінбегім, қаралмаған доғдырым қалмады. Ол кісіден ем алып тәуір болып кеткен адамдармен Құдай кездестіріп, еліме кетіп бара жатқан поезымнан түсіп қалып, осы кісіге жолықтым. Өзімнің ішкі сезімім осы кісіден жазыласың деп итеріп тұрды. Менің қиналып таршылықта жүргенімді, ауруымның жаныма батып жүргенімді біліп, емдей бастады. Осы кісіден ем алған күннен бастап өзімді жеңіл сезініп, ұйқыдан оянғандай болдым. Қазір денемдегі сырқаттан жазылып, өмірге жаңа туғандай болдым. Құмарбек інімнің берген емі дертіме шипа болды. Қолда барда алтынның қадірі жоқ дегендей, осындай аяулы азаматымызға қолдан келгенше көмек көрсеткеніміз дұрыс демекпін. Құмарбек інім өзіңе, отбасына денсаулық, бақыт, молшылық тілеймін. Ұзақ өмір сүріп, халқымыздың көңілінен шыға беруіңе тілектеспін. Бірінші Алладан өзіңнің еңбегіннің алға басуына сұраймын.

 оригинал

 

Мен, Досшиева Ақан, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан келдім. Құмарбек інімді 2005 жылдан газет беттерінен жиі-жиі көріп, келу сәті осы жолы болды. 4-5 жылдан бері іш құрылысым ауырып, оң жақ бүйірім, өт жолы, гастрит, жалпы оң жағым түгелдей ауыратын еді. Қазір ем алып жатырмын, 1-2 күннен кейін әсер ете бастады, қазір өзімді өте жақсы сезініп, 7 күн емін алып кетейін деп отырмын. Құдай қаласа кейінде 2-ші рет келуім керек. Алда Құмарбек інімнің емші шипа болса екен деймін. Газет бетінен оқып өзіне телефон арқылы сөйлескенімде жылы сөзінен шипа алдым деуге болады. Құмарбек інім өмірде тек жақсылықпен кездесейік. Алланың нұры жаусын. Емделіп шыққан көптеген адамдардың сізге деген тілегі қабыл болсын. Халықтың жанашыр емшісі бола бер. Семьямыңыз аман, ұлыңыздың қызығын көріңіз.

 оригинал

 

Мен, Қалиева Базаркүл, Қызылорда тұрғыны. Менің бүйрегім, екі аяғым және бас ауырып Құмарбек емшіге келіп, емделгеннен бері жағдайым жақсарып келе жатырмын. Науқасымнан айығып, тәуір болып кетем деген үміттемін. Құмарбек ініме жүз жасаған атам мен 92 жастағы шешемнің жастарын тілеймін. Халықтың жанашыр емшісі бол бер!

оригинал