БРОНХИТ АУРУЛАРЫ


Мен, Ниязқұлова Айгүл Құрманқызы, Құмарбек ағаға балам Бекжанды алып келдім. Бекжан ауруханада бір жұма жатып шығып, ешқандай қорытыңды болмаған соң Құмарбек ағаға келіп, бір жұма қаралды. Балам Құмарбек ағаға келгелі жөтелі 3-4 күннен соң басылды, кеудесіндегі сырыны қайтып, жазыла бастады. Қазір балам толығымен жазылды. Құмарбек ағаға тілерім денсаулық, семьяңызға бақыт, жұмысыңыз алға баса берсін. Рахмет сізге!

 оригинал

 

 

Мен, Жылқыбаева Биббайша оралманмын, Тараз қаласына қарасты, Саябақта тұрамыз. Менің балам Тасқараев Бейбіт бронхит болып, әрі қуығының тасы жоғарыға көтереліп кеткен еді. Осы Құмарбекке келіп көрінгеннен кейін өте жақсы болды. Менің айтар алғысым мәртебеңіз биік болсын, Алланың нұры жаусын, бала-шағаңыздың қызығын көріңіз. Балам Бейбіт кішкенесінен дәрі дәрмекпен емделген еді, пайдасы тимей, осы ағайға келгелі жөтелі қойды. Бұл кісіні оқырман қауым айтарым шын ниетпен үлкенірек, таза отыратын кабинет ашып берулеріңізді өтінемін. Ағай сізге рахмет.

 оригинал

 

Мен Тараз қаласының тұрғынымын, Сагинтаева Мадина. Менде ангина, бронхит ауыратын, қатты қиналатынмын, қанша ақшам дәріге кететін. Осы емші ағайды естіп, мен келдім. Үш күн ем алдым, содан кейін жақсы болдым. Құмарбек ағаға өте мол алғыс айтам, осындай үлкен де, атақты емші болып жүріңіз. Құмарбек аға сізге көптен көп рахмет.

 оригинал

 

 

Мен, Шертаева Алтын Мұқанқызы, өзімнің қызым Аяжан Аббасқызы Айтқұлованы жөтеліп сырылы кетпеген соң алып келдім. Больницадан еш пайда болмады. Бірінші күні аға арыдан, алыстан оқимын балаға ауыр болады деп сол күні кеште сырылы басылып құсты. Мұндай кісіні қолдау керек. Оқырман сізге айтарым басқаға барып алданбай, осы кісіге келіңіз. Мен бұл кісіге ұзақ өмір, мықты денсаулық, жұмыста табыс тілеймін. Мен әлі басқа ауруларымды емдетуге келемін.

Гүлнара 20 жас.

оригинал


Мен Садуақас баласы Құдайберген Рахметоллаұлы 1977 жылдан бастап «аллергический решет» деген аурумен ауырамын. Осы 2007 жылдан бастап, осы ауру тыныс жолыма ауысып кетті, яғни қолқама «бронхиалная астма». Осы екі жылда, бір өліп, бір тіріліп ауа жетпей, ауа жетсе, іштен шықпай әлсіреп қалдым.

Міне! Алла сәтін салып тұз-дәм бұйырып Алматыға келіп, құдасым Құмарбектің аялы алақанынан, ем алып жатырмын, жағдайым өте жақсы, келген күнімнен көп тәуірмін. Үмітім елге жазылып қайтам, Алла қосса. 3 күн ем алғаннан соң өзгеріс бола бастады, міне 8 күні ем алып жатырмын. Егер де бар ықыласпен келіп осы бауырымыздан ем алсаңыздар? Еш өкінбейсіздер! Егерде өзінің ықыласы ауса, арасында тегін ем де аласыздар; жоқ жетікке, жетім жесірге, инвалид кісілерге шапағаты мол! 10 күн ем алып болған соң, тағы қалып 5 күн қайырымдылық қолымен ем жасайын деп жатыр? Шыбын жандарыңыз үшін, ақысын толық төлеп ем алыңыздар! Құр қол қайтпайсыздар! Өкініш болмайды!

 

 

Мен, Құсанынов Досымбай, Тараз қаласының тұрғынымын. Мен 12-13 жыл бронхит ауруымен ауырып келдім. Соңғы жылдары дембе дем тынысым бітіп, денсаулығым нашарлап кетті. Больницаға неше мәрте жаттым ем қабыладым, бірақ ешқандай көмек бермеді. Дем ала алмай Құмарек ініме ем алуға келдім. Және бірінші Құдайдың, екінші Құмарбектің арқасында көкірегім шайдай ашылды. Қазір денсаулығым өте жақсы. Дәрі-дәрмек дегенді мүлдем ұмыттым, Құмарбекке мыңда бір рахмет. Елдің батасын ала бер. Құмарбекке ем беретін жаңа емхана ашып берсе шіркін, елдіңде, халқыңда батасына көнелер беретін еді. Әкімшіліктің құлағына.

 оригинал

 

Мен, Тоғайбаева Әйгерім кіші жасымнан бронхит ауруымен ауырып келгем. Бармаған жерім қалмады, докторғада бардым, ешқандай нәтиже бермеді. Құмарбек ағаның алдында 10 күн емделіп жағдайым жақсы болды. Өте көп рахмет ағаға менімен нағашы анам, мамам да қаралды. Ол кісілерде жақсы болды. Құмарбек ағаға алғыстарын айтып жатыр. Аға денсаулығыңыз мықты болсын, жасыңыз ұзақ болсын. Рахмет.

оригинал

 

 

Мен, Аллаярова Үйтолған бронхиальный астмамен ауыр халде келдім. Менің бұл ауырумен ауырғаныма 12 жыл болған, алмаған дәрім, бармаған врачтар қалмаған, бұдан екі жыл бұрын Алматыдағы аллергологиялық центрде екі ай ем алып, одан кейін неше мәрте больницада емделгенмін. Енді Алла сәтін салып осы Құмарбектің адресін алып келіп, бес күннің ішінде бұрынғы сау қалпымда үйіме кетіп бара жатырмын. Біз Құмарбекке отбасын, бала-шағамыздың атынан алғыс айтып отырып, көзіңнен күлкі, бойыңнан қуатың кетпесін. Еліміздің сүйген ұлы болып, абыройың арта берсін дейміз. Рахмет Құмарбек, аруағың алдында бас иемін деп Үйтолған.

 оригинал

 

 

 

 

Мен, Жұмабеков Өмірбек, диагнозым бронхиональная астма, сонымен қатар аяқ-қолым еті қашып, тамырларым тартылып, жүре алмай қалдым. Осы Құмарбек Думанұлы Жамбыл қаласында тұратынын естіп, сол кісіге емге бардым. Міне, екі айда бронхиттан ұстайтын приступ азайып, жүріп, жүрісім жеңілдеп, еркін отырып тұра аламын. Екі қолымның еті қашқан, ешқандай икемге келмейтін, қазір тойда кесені ұстай аламын, ручканы ұстаймын. 4-5 қабатқа көтеріле алмайтынмын, өзім 4 қабатта тұрамын. Қазір әуелі Алла, екінші осы Құмарбек емшінің арқасында өзімді өте жақсы сезініп жүрмін. Халқына, еліне осындай ел аузында жүретін үлкен азамат ретінде әрі қарай қызмет ете берсін. Алақаны шипалы Құмекеңе үлкен алғысымды білдіремін. Мен бұл кісіден өзімнің үмітімді үзбей әлдеде емімді ала беремін. Құрекеңе ұзақ ғұмыр тілеймін, бізге көрсеткен қызметіңіз Алладан қайтсын. Халықтың емшісі болыңыз.

 оригинал

 

 

 

Мен, Тағыбаева Алтын Күтуланқызы, Тараз қаласында тұрамын. 1976 жылдан асма ауруымен ауратынмын. Бұл сырқатқа енді, бауыр, бүйрек, талақ, ұйқы безі, асқазан, зоб, миома, ангина қосылды. Соңғы екі-үш жылдың көлемінде жүрек давление деген ауруларға ұшырадым. Кейін ұйқыдан қалып, қорқыныш үрей билеп кетті. Мен 5 қазанда Құмарбекке келдім. Жылы жүзбенен күліп қарсы алды.

Құмарбек! Айналайын бауырым! Сенің бойындағы Алланың берген, құдіретті күшінің арқасында, сенің мені емдеп бойымдағы қаншалықты сырқаттан арылғаныма, қуана отырып рахметімді айтқалы отырмын. Әруағыңнан айналайын бауырым, сен мені кешір. Бір қалада тұрып, көріп, біліп, отырып сенбегеніме, менде пендемін ғой. Өзіңе келіп ем алғаннан соң көзім жетті. Шіркін-ай қолда барда «Алтынның» қадірі жоқ деген осы екен ғой деп. 5 қазаннан 10 қазанға дейін алған 10 сеансым өте биік дәрежеде өзіме ем болды. Күндегі 220 давление, күніге 2-3 рет шақыратын скорый, қабылдайтын күнделікті уколдар мен таблеткалар тасталды. Міне, өз үйімде отырып, өлімнен қорқып, ұйықтайтын я болмаса көшеге шығуға қорқатын Алтын апаң өзіңді іздеп, Қызылордаға келіп отыр, міне, осы сенің еміңнің арқасы. Бүгінгі 18 қазаннан 22 қазанға дейін алған емім, менің сезімім бойынша, бойымда ешқандай дерт қалмаған сияқты. Осы күнге мені жеткізген бір өзіңе рахмет. Бүгін міне 22 қазан мен Таразға жүргелі отырмын. Қымбатты бауырым Құмарбек! Мына өмір деген ұзақ жолдың, қайратты да қайсар, сымбатты да төзімді, намысшыл да мейірімді азаматы бола біл. Еңбегің жанып, атағың әлемге жайылсын, өзіңе тілектес Алтын, Қызылорда қаласы.

оригинал